Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ-ның алдын алу – басты назарда

 

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психологы Г.Шамурзаева, мейірбике А.Кокибаева Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес орталығының психологы Г.Шамурзаева, мейірбике А.Кокибаева 4 мөлтек ауданында орналасқан бірқатар кәсіпкерлік және қоғамдық орындарда АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында жұқпаның таралу жолдары, сақтану шаралары мен тестілеудің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Ақпараттық парақшалар таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды.

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде АИТВ бойынша танымдық дәріс өтті

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, АИТВ инфекциясы жайында дәріс өтті.

Эпидемиолог дәрігер С. Дулатбаева мен психолог М. Бегманова жастармен еркін форматта сұхбат жүргізіп, АИТВ инфекциясының жұғу жолы, алдын алу туралы жан-жақты түсіндірді.

Дәрістің негізгі тақырыптары:
АИТВ қалай жұғады?
– Қан арқылы
– Қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде
– Жүктілік кезінде анадан балаға

Қауіптің алдын алу жолдары:
– Жеке қорғану мәдениеті
– Жауапты мінез-құлық
– Уақытылы тестілеуден өту

Спикерлер АИТВ-ны ерте анықтау мен антиретровирустық терапияның адамның өмір сапасын арттырудағы және аурудың таралуын тоқтатудағы рөліне ерекше тоқталды.

Кемсітушілік пен стигмаға қарсы тұру – әрбір азаматтың жауапкершілігі!

Іс-шара соңында студенттерге ақпараттық материалдар таратылып, инфекциядан қорғану тәсілдері туралы айтылды. Жастар белсенділік танытып, мамандарға сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.

Кәсіподақ жұмысының қорытындысы мен ардагерлерге құрмет көрсетілді

2025 жылғы 26 қыркүйекте Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында кәсіподақ комитетінің есеп беру жиыны өтті.
Жиында Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының кәсіподақ комитетінің төрайымы Л.Сатмаханова «2023 жылғы қараша айынан бастап, 2025 жылғы 25 қыркүйекке дейінгі аралықтағы атқарылған жұмыстар» бойынша есеп берді. Есеп барысында ұжым мүшелерінің әлеуметтік құқықтары мен еңбек мүдделерін қорғау, корпоративтік мәдениетті дамыту, ұжымдық келісімшарттың орындалуы, мәдени-көпшілік іс-шаралар мен материалдық көмек көрсету мәселелері қамтылды.
Кәсіподақ жұмысының нәтижесі ретінде қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру бағытында бірқатар шаралардың іске асқаны атап өтілді.
Одан кейін орталық қызметкерлері – А.Кабанбаева, А.Науанова және А.Аубакирова зейнеткерлікке шығуына орай әріптестері мен басшылық тарапынан құрметке бөленді.
Ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Г. Калметова зейнеткерлерге жылы лебізін білдіріп, көп жылғы адал еңбектері үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ орталықтың бөлім меңгерушілері де сөз алып, ардагер әріптестерінің кәсіби шеберлігі мен адамгершілік қасиеттерін ерекше атап өтіп, шын жүректен шыққан құттықтауларын жеткізді.

“ALEM” кәсіби білім беру колледжінде маңызды дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары колледж студенттерімен кездесті.
Эпидемиолог дәрігер С. Дулатбаева мен психолог М. Бегманова жастарға АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Олар аурудың жұғу жолдары, қорғану шаралары, емделу мүмкіндіктері мен қоғамдағы стигма мәселелерін кеңінен түсіндірді.
Дәріс барысында:
▫️ ақпараттық бүктемелер таратылды
▫️ бейнесуреттер көрсетілді
▫️ студенттердің сұрақтарына жауап берілді
Мамандар ЖИТС орталығында тегін әрі анонимді түрде тест тапсыруға болатынын да ерекше атап өтті.

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс өтті

 

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының мамандары колледж студенттерімен кездесіп, АИТВ инфекциясы туралы маңызды ақпаратпен бөлісті.

Психолог мамандар М. Бегманова мен Г. Шамурзаева:
* АИТВ қалай жұғады және жұқпайды?
* Қалай қорғануға болады?
* АИТВ-пен өмір сүру мүмкін бе? деген сұрақтарға нақты жауап берді.

Студенттер өздерінің сауалдарын қойып, пайдалы ақпарат алды.
Ақпараттық материалдар таратылып, тестілеудің маңыздылығы түсіндірілді.

Айта кетейік, әр азамат Жамбыл облыстық ЖИТС орталығына барып, АИТВ-ға тегін және анонимді түрде тест тапсыра алады. Бұл — өз денсаулығыңа деген алғашқы қадам!

Жастарға АИТВ туралы маңызды ақпарат берілді

🔹 Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары Тараз мамандандырылған колледжінің медицина факультеті студенттерімен ақпараттық кездесу өткізді. Іс-шара жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу, ақпараттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

🔹 Семинарға эпидемиолог дәрігер С. Дулатбаева, психолог маман Г. Шамурзаева және мейірбике А. Кокибаева қатысып, АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Олар аурудың жұғу жолдары, қорғану шаралары, емделу мүмкіндіктері мен қоғамдағы стигма мәселелерін кеңінен түсіндірді. Мамандар жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үндеді.

🔹 Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылып, АИТВ-дан қорғанудың тиімді жолдары түсіндірілді.

Тұрғындарға түсіндіру жұмыстар жүргізілді

 

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы бірнеше шаштараз, дәмхана және бизнес орталықтарында ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізді.

Кездесу барысында АИТВ инфекциясының берілу жолдары, одан қорғану тәсілдері мен ерте тестілеудің маңызы жайлы кеңінен айтылды. Халыққа арналған ақпараттық парақшалар таратылып, салауатты өмір салтын сақтау қажеттілігі де ерекше атап өтілді.

Жамбыл облыстық көпбейінді  балалар ауруханасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша семинар-тренинг өтті

2025 жылғы 23 қыркүйекте Жамбыл облыстық көпбейінді  балалар ауруханасында «Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық актілер. АИТВ-ке тестілеу қағидалары. №2 нысан. АИТВ-инфекциясының және кәсіби жұқтырудың алдын алу. Апатты жағдайлар. АИТВ-инфекциясына байланысты байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактика» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинар екі негізгі блокта өтті: Хирургиялық блок және соматикалық блокта.

Семинардың негізгі мақсаты – АИТВ/ЖИТС инфекциясының таралуын болдырмау, кәсіби жұқтырудың алдын алу, медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіру және инфекцияның алдын алу шараларын кеңінен түсіндіру.

Іс-шараны Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері И.Дегтерева мен дәрігер-инфекционист Г.Темірбекова жүргізді.

Семинар барысында келесі маңызды тақырыптар қамтылды: Қазақстан және Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС эпидемиологиялық жағдайы; АИТВ инфекциясын анықтау мақсатындағы тестілеу қағидалары мен №2 есеп нысанын толтыру тәртібі;Медицина қызметкерлері үшін кәсіби қауіп төндіретін жағдайлар және апаттық оқиғалар кезінде әрекет ету ережелері;АИТВ-мен байланысты байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактика әдістері.

Жалпы қатысушылар саны – 144 медицина қызметкері.

«Тараз-Ғасыр» колледжінде АИТВ-ның алдын алу тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары «Тараз-Ғасыр» колледжінің білім алушыларымен АИТВ инфекциясының алдын алу жолдарын түсіндіруге арналған семинар өткізді.

Аталған шараға орталықтың эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева мен психолог маман М. Бегманова қатысып, АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) туралы маңызды мәліметтермен бөлісті. Қатысушылар аурудың берілу жолдары, қорғану тәсілдері, емделу мүмкіндіктері, сондай-ақ қоғамда жиі кездесетін стигма мен кемсітушілік туралы кең көлемде ақпарат алды.

Мамандар жастарды денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу кезінде студенттер сауалдарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар ала алды.

Семинар барысында қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылып, АИТВ-дан қорғанудың тиімді жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, мамандар кез келген азамат Жамбыл облыстық ЖИТС орталығына анонимді түрде келіп, АИТВ-ға тегін тест тапсыра алатынын атап өтті. Бұл – ерте анықтау мен алдын алудың маңызды қадамы.

«Астана» колледжінің студенттеріне арналған АИТВ-ның алдын алу бойынша семинар өтті

🔹Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (ЖИТС) алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары “Астана” колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Семинардың басты мақсаты — жастар арасында АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, оның жұғу жолдары мен алдын алу шаралары жөнінде ақпарат беру.

🔹Іс-шараға орталықтың психолог маманы М.Бегманова және мейірбике А.Кокибаева қатысты. Семинар барысында М.Бегманова АИТВ инфекциясының ерекшеліктері, жұғу және жұқпау жолдары, қорғану тәсілдері және стигмамен күрес туралы кеңінен баяндап, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі толық жауап берді.

✅Ал, мейірбике А.Қокыбаева семинар қатысушыларына АИТВ-ның алдын алу тақырыбындағы ақпараттық бүктемелер мен танымдық материалдар таратып, әрбір қатысушының өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауының маңызын атап өтті.