Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№22 орта мектепте АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша іс-шара өткізілді

Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева №22 орта мектеп ұжымына арналған ақпараттық алдын алу іс-шара өткізді.
Іс-шара аясында қатысушыларға АИТВ/ЖИТС бойынша әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық ахуал жөнінде кең көлемде ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, инфекцияның жұғу жолдары, алдын алу шаралары және оның адам денсаулығына тигізетін әсері жан-жақты түсіндірілді.
Бұдан бөлек, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), сондай-ақ В және С вирусты гепатиттерінің алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
Іс-шара шеңберінде ЖИТС орталығының мамандары мектептің медициналық кабинетінде ИФТ әдісі арқылы тегін скринингтік тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Скрининг ерікті түрде, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, толық құпиялылық сақтала отырып жүргізілді.
Қызметкерлерді жұмыстан қол үздірмей ұйымдастырылған бұл шара ұжымның басым бөлігін қамтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, күнделікті қарбалас өмірде азаматтардың АИТВ-ға тестілеуден уақтылы өтуіне әрдайым мүмкіндік бола бермейтіні ескерілді.

Халық денсаулығы – басты назарда!

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігерлері Н. Бердіш пен психолог А. Талапбек №5 мектеп-гимназиясының ұстаздарымен ақпараттық кездесу өткізді.
Кездесу барысында мамандар еліміз бен өңірдегі АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалына тоқталып, алдын алу шараларының маңызын атап өтті.
Сонымен қатар АИТВ инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) және өзге де жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары мен салауатты өмір салты туралы кеңінен ақпарат берілді.
Іс-шара аясында бейнематериал көрсетіліп, қатысушыларға ақпараттық-білім беру бүктемелері таратылды.
Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға мамандардан толық әрі кәсіби жауап алды.

Жаңатас қаласындағы «Еврохим-Қаратау» ЖШС филиалында АИТВ бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары «Еврохим-Қаратау» ЖШС филиалына жұмыс сапарымен барып, АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кәсіпорын қызметкерлеріне АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, қауіпсіз мінез-құлық және уақытылы тексерілудің маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді.
Стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелері де қамтылды.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Сонымен қатар, ерікті түрде АИТВ-ға тексерілу ұйымдастырылып, қызметкерлерден ИФТ әдісімен қан алынды.

Мырзатай ауылында Мырзатай орта мектебінде ақпараттық кездесу өтті

Байзақ ауданы, Мырзатай ауылы, Мырзатай орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева, психолог маманы А. Талапбек және Байзақ аудандық орталық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру мейірбикесі А. Айтбаева АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар еліміздегі және өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталып, инфекцияның берілу жолдары мен одан сақтану шараларын жан-жақты түсіндірді.
Кездесу аясында АИТВ тақырыбында арнайы бейнеролик көрсетілді.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Шара соңында қатысушыларға танымдық ойын ұйымдастырылып, ақпараттық жадынамалар таратылды.

“Парасат” колледжі студенттерімен АИТВ жөніндегі ақпараттық кездесу

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігерлері Н. Бердіш және психолог маманы А. Талапбек “Парасат” колледжінің студенттерімен ақпараттық кездесу өткізді.
Кездесу барысында мамандар Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайына тоқталып, өңірде жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызын атап өтті.
Сондай-ақ АИТВ-инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) және өзге де жұқпалы аурулардың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы кең көлемде ақпарат берілді.
Тақырыпқа сәйкес бейнебаян көрсетіліп, студенттерге ақпараттық-білім беру бүктемелері таратылды.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толық әрі кәсіби жауап алды.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ стигма мен кемсітушіліктің алдын алу.

№7 қалалық емханасында өткізілген семинар

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандарының ұйымдастыруымен №7 қалалық емханасында «Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы. АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық актілер. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары: эпидемиолог дәрігер Д. Абдраманова, инфекционист дәрігер Г. Байдаулетова, ИФА зертханасының маманы Б. Жапанова ұйымдастырды.
Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысы аумағындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы толық ақпарат берілді.
Сонымен қатар, АИТВ бойынша жаңартылған нормативтік-құқықтық актілер, клиникалық көрсеткіштер бойынша 113.4 коды арқылы тексеру жүргізу тәртібі және тексерілуге жататын контингенттер түсіндірілді.
Сондай-ақ, АИТВ-инфекциясының диагностикасы, алдын алу және емдеу мәселелері, қатар жүретін аурулар, биоматериалды ИФА зерттеуіне алу, сақтау және тасымалдау ережелері қарастырылды. Экспресс-тестілеу жүргізу әдістемесі бойынша практикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.

АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында әріптестік кездесу өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының АИТВ инфекциясының алдын алу бөлімінің меңгерушісі А. Тайчибеков “Janyna Saya” қоғамдық бірлестігі мен “Erkin pikir” үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесуге аутрич қызметкерлері қатысып, өзара танысу және алдағы бірлескен жұмыстардың негізгі бағыттары талқыланды. Аталған үкіметтік емес ұйымдар 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жарияланған тендердің жеңімпаздары атанып, АИТВ инфекциясының алдын алу бағытындағы қызметін бастаған.
Бұл – тараптар арасындағы алғашқы ресми кездесу. Жиын барысында әріптестер алдағы жұмыс жоспарларын нақтылап, өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелерін қарастырды.
А. Тайчибеков орталықтың қызметі туралы кеңінен ақпарат беріп, алдын алу шараларын тиімді жүзеге асыруда бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, серіктестік аясындағы жұмысты жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын жеткізді.
Эпидемиолог дәрігер А. Иргебаева өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және осал топтарымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері туралы баяндады.
Кездесу барысында аутрич қызметкерлері тәжірибе алмасып, жұмыс барысында туындайтын өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.
Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы уақытта өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша бірлескен іс-шараларды жүйелі түрде іске асыруға келісті.

I тоқсанындағы АИТВ жағдайы бойынша жиын өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында «Жамбыл облысы бойынша 2026 жылдың I тоқсанындағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбында кеңейтілген жиын өтті.
Күн тәртібіне сәйкес, эпидемиологиялық қадағалау бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Г. Ахметова баяндама жасады. Баяндамада 2026 жылдың алғашқы тоқсанындағы облыс бойынша АИТВ инфекциясының таралу деңгейі, жаңа тіркелген жағдайлар, жұқтыру жолдары және негізгі тәуекел топтары туралы мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ, алдын алу шараларының тиімділігі мен диагностикалық тексерулердің нәтижелері талданды.
Жиында орталықтың бас дәрігері Б. Қыдырбаев өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың маңыздылығына тоқталды. Ол АИТВ инфекциясының алдын алу, дер кезінде анықтау және емдеу шараларын күшейтудің өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар, атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша шолу жасап, алдағы міндеттерді белгіледі.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Әсіресе, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, жастар мен осал топтар арасында профилактикалық бағдарламаларды кеңейту, сондай-ақ медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері көтерілді.
Кездесу қорытындысы бойынша АИТВ инфекциясының таралуын төмендетуге бағытталған нақты іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру, алдын алу жұмыстарын жандандыру және мониторингті күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Көктал ауылы, Көктал орта мектебінде өткен дәріс

Байзақ ауданы, Көктал ауылы, Көктал орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева, психолог маманы А. Талапбек және Байзақ аудандық орталық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру мейірбикесі А. Айтбаева АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар еліміздегі және өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталып, инфекцияның берілу жолдары мен одан сақтану шараларын жан-жақты түсіндірді.
Кездесу аясында АИТВ тақырыбында арнайы бейнеролик көрсетілді.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Шара соңында қатысушыларға танымдық ойын ұйымдастырылып, ақпараттық жадынамалар таратылды.

Бурыл ауылындағы №6 орта мектепте ақпараттық кездесу

Бурыл ауылындағы №6 орта мектептің жоғары сынып оқушыларына ЖИТС орталығының психолог маманы А. Талапбек және Байзақ аудандық орталық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру мейірбикесі А. Айтбаева АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар еліміздегі және өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталып, инфекцияның берілу жолдары мен одан сақтану шараларын жан-жақты түсіндірді.
Кездесу аясында АИТВ тақырыбында арнайы бейнеролик көрсетілді.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Шара соңында қатысушыларға танымдық ойын ұйымдастырылып, ақпараттық жадынамалар таратылды.