Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектепте АИТВ-ны алдын алуға бағытталған кешенді шара өтті

Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог мамандары Г. Шамурзаева мен А. Талапбек С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында мамандар қатысушыларға АИТВ/ЖИТС бойынша әлемдегі, еліміздегі және өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде жан-жақты мәлімет беріп, инфекцияның таралу жолдары мен оның алдын алу шараларын түсіндірді.

Сонымен қатар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, В және С вирустық гепатиттерінің қауіптілігі мен сақтану жолдары туралы ақпарат ұсынылып, арнайы жадынамалар таратылды.

Іс-шара аясында орталық мамандары мектептің медициналық кабинетінде иммуноферменттік талдау (ИФТ) әдісі арқылы тегін тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру ерікті түрде, заң талаптарына сәйкес және толық құпиялылық қағидаларын сақтай отырып ұйымдастырылды.

Ұжым мүшелерін жұмыстан бөлмей өткізілген бұл шара көпшілікке профилактикалық тексерудің маңызын түсіндіруге және АИТВ инфекциясына уақтылы тексеріліп тұрудың қажеттілігін насихаттауға мүмкіндік берді.

Құмжота ауылы, Ы.Алтынсарин орта мектебінде ақпараттық кездесу өтті

Ы.Алтынсарин орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына ЖИТС орталығының психолог маманы А. Талапбек және Байзақ аудандық орталық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру мейірбикесі А. Айтбаева АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар еліміздегі және өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталып, инфекцияның берілу жолдары мен одан сақтану шараларын жан-жақты түсіндірді.
Кездесу аясында АИТВ тақырыбында арнайы бейнеролик көрсетілді.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Шара соңында қатысушыларға танымдық ойын ұйымдастырылып, ақпараттық жадынамалар мен ақпараттық бүктемелер таратылды.

Бурыл ауылы, Бурыл орта мектебінде ақпараттық кездесу өтті

Бурыл орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына ЖИТС орталығының психолог маманы А. Талапбек және Байзақ аудандық орталық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру мейірбикесі А. Айтбаева АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар еліміздегі және өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталып, инфекцияның берілу жолдары мен одан сақтану шараларын жан-жақты түсіндірді.
Кездесу аясында АИТВ тақырыбында арнайы бейнеролик көрсетілді.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Шара соңында қатысушыларға танымдық ойын ұйымдастырылып, ақпараттық жадынамалар мен ақпараттық бүктемелер таратылды.

12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында 12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында орталық басшысы Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы сөз сөйлеп, ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Ол мейіргерлердің қоғамдағы маңызды рөліне тоқталып, олардың денсаулық сақтау саласына қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ мерекелік жиында орталықтың бас медбикесі Сатмаханова Ләйлә Ораковна құттықтау сөз сөйлеп, мейіргерлерге шығармашылық табыс, мықты денсаулық және еңбекте табыс тіледі.
Кеш барысында бірқатар мейіргерлерге Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар, сондай-ақ “Жамбыл облысы мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігі” қоғамдық бірлестігі тағайындаған “Шарапат” төсбелгісімен марапатталды.

Байзақ ауданындағы Сыдық Абланов атындағы орта мектебінде ақпараттық кездесу өтті

Сыдық Абланов атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына ЖИТС орталығының психолог маманы А. Талапбек және Байзақ аудандық орталық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру мейірбикесі А. Айтбаева АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар еліміздегі және өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталып, инфекцияның берілу жолдары мен одан сақтану шараларын жан-жақты түсіндірді.
Кездесу аясында АИТВ тақырыбында арнайы бейнеролик көрсетілді.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Шара соңында қатысушыларға танымдық ойын ұйымдастырылып, ақпараттық жадынамалар таратылды.

 

Байзақ ауданындағы №4 мектеп-лицейде ақпараттық кездесу өтті

№4 мектеп-лицейдің жоғары сынып оқушыларына ЖИТС орталығының психолог маманы А. Талапбек және Байзақ аудандық орталық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру мейірбикесі А. Айтбаева АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар еліміздегі және өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталып, инфекцияның берілу жолдары мен одан сақтану шараларын жан-жақты түсіндірді.
Кездесу аясында АИТВ тақырыбында арнайы бейнеролик көрсетілді.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Шара соңында қатысушыларға танымдық ойын ұйымдастырылып, ақпараттық жадынамалар таратылды.

 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай іс-шара ұйымдастырылды

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Салтанатты жиында мекемеде еңбек етіп жүрген ер азаматтарды мерекемен құттықтап, олардың жауапты қызметі мен қоғам денсаулығын сақтау жолындағы еңбектеріне алғыс айтылды.

Байзақ ауданындағы Түймекент орта мектебінде ақпараттық дәріс ұйымдастырылды

Байзақ ауданындағы Түймекент орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына ЖИТС орталығының психолог маманы А.Талапбек және Байзақ аудандық орталық емханасының Жастар денсаулық орталығының психолог маманы А.Смагулова және салауатты емір салтын кальптастыру
мейірбекесі А.Айтбаева АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар еліміздегі және өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, инфекцияның таралу жолдары мен сақтану тәсілдері туралы кеңінен баяндады.
Сонымен қатар, гинеколог дәрігер М.Қожахмет «Қыз баланың өсіп-жетілуі мен репродуктивті денсаулығы», «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Жеке бас гигиенасы», «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыптарында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар, түрлі аурулардың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы да кеңінен айтылды.
Іс-шара аясында АИТВ жөнінде арнайы бейнеролик көрсетілді.
Оқушылар дәріске белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Шара соңында қатысушыларға танымдық ойын ұйымдастырылып, ақпараттық жадынамалар үлестірілді.

Түймекент ауылындағы Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде

Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінің жоғары сынып оқушыларына ЖИТС орталығының психолог маманы А.Талапбек және Байзақ аудандық орталық емханасының Жастар денсаулық орталығының психолог маманы А.Смагулова, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру мейірбекесі А.Айтбаева АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар еліміздегі және өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталып, инфекцияның берілу жолдары мен одан сақтану шараларын жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар, гинеколог дәрігер М.Қожахмет «Қыз баланың өсіп-жетілуі мен репродуктивті денсаулығы», «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Жеке бас гигиенасы», «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыптарында маңызды ақпараттармен бөлісті.
Іс-шара барысында жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, аурулардың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен талқыланды.
Кездесу аясында АИТВ тақырыбында арнайы бейнеролик көрсетілді.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар а

Н. Гоголь атындағы мектеп ұжымына арналған АИТВ-ның алдын алу шарасы ұйымдастырылды

Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психологы Г. Шамурзаева мектеп ұжымына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесуде АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары туралы қысқаша мәлімет берілді. Сондай-ақ, ЖЖБИ және В, С вирусты гепатиттерінің алдын алу жолдары түсіндірілді.
Іс-шара аясында мектептің медициналық кабинетінде ИФТ әдісімен ерікті әрі құпия түрде тегін тексеру ұйымдастырылды.
Мұндай шара қызметкерлерді қамтып, АИТВ-ға уақтылы тексерілудің маңыздылығын арттыруға ықпал етті.