Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Студенттерге маңызды дәріс өткізілді

🔰«Тараз – Болашақ»
Медициналық колледжінің студенттеріне арналған танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара аясында Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының эпидемиолог-дәрігері С. Дулатбаева, психолог Г. Шамурзаева және мейірбике А. Кокибаева студенттерге «АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.

🔹 Кездесу барысында қатысушыларға мамандар ұрпақты болу денсаулығының маңызы, оның адамның өмір сапасына әсері туралы кеңінен тоқталып, студенттермен ашық пікір алмасты.

🔹 Сонымен қатар, жыныстық қатынасты ерте бастау салдарлары, АИТВ мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралу жолдары және олардан қорғану тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

🔹 Іс-шара соңында қатысушыларға АИТВ жайлы ақпараттық бүктемелер таратылып, профилактикалық жұмыстардың өзектілігі атап өтілді.

Ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті

🔹 Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева, психолог маманы Г. Шамурзаева және мейірбике А. Кокибаева Тараз қаласындағы автокөлік салондарының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу әдістері мен қорғану тәсілдері жайында жан-жақты мағлұмат ұсынды.

🔹 Шараның негізгі мақсаты – АИТВ туралы халық арасында дұрыс көзқарас қалыптастыру, кемсітушілік пен стигманың алдын алу, сондай-ақ, азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру болды.

Кездесу барысында мамандар АИТВ-ның адам ағзасына әсері, оны уақытында анықтаудың және емдеудің жолдары туралы кеңінен баяндап, ерте диагностиканың маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, аурудың алдын алу шаралары мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы да айтылды.

✅ Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі толық жауаптар алды. Сонымен бірге, ақпараттық бүктемелер таратылып, тақырып бойынша қажетті материалдар ұсынылды.

Жолдаудағы міндеттер – ортақ жауапкершілік

2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялады. Бұл стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беріп, мемлекеттік басқару мен қоғам өмірінің түрлі салаларын жаңғыртудың бағыт-бағдарын айқындап берді.

Президент өз Жолдауында қазіргі таңда еліміздің алдында тұрған маңызды мәселелерді ашық айтып, оларды шешудің нақты әрі тиімді тетіктерін ұсынды. Денсаулық сақтау саласында халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жетілдіру, саланы цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын пайдалануды кеңейтуді қажеттігін баса айтты.

Жолдауда көтерілген мәселелер – біздің күнделікті қызметімізге тікелей қатысты. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының ұжымы Президент Жолдауын үлкен ықыласпен қабылдай отырып, онда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға барынша үлес қосуға дайын.

Президент Жолдауында белгіленген стратегиялық мақсаттар – еліміздің тұрақты дамуына, ұлт денсаулығының нығаюына және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Бұл – әрбір медициналық ұйым мен мамандарға үлкен жауапкершілік жүктейді.

Жамбыл облыстық  жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу  орталығының бас дәрігері, Б.Д.Қыдырбаев.

Президент Жолдауын ұжым болып тыңдады

🔹2025 жылдың 8 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфирде көрсетілді.
🔹Жолдауды Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының қызметкерлері ұжым болып тыңдап, ел дамуының жаңа кезеңіне қатысты тың бастамалармен танысты.
🔹Президент еліміздің әлеуметтік әл-ауқатын көтеру, білім мен ғылымды жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесін заманауи талаптарға бейімдеу, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды кеңінен енгізу мәселелеріне баса назар аударды.
🔹ЖИТС орталығының қызметкерлері Жолдауда қамтылған бастамаларды толық қолдай отырып, денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістерге өз үлестерін қосуға, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жолында бірлесіп еңбек етуге дайын екендіктерін білдірді.

Жалпы жиналыс өтті

🔹Ағымдағы жылдың 5 қыркүйек күні Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында орталық қызметкерлерінің қатысуымен жалпы жиналыс өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты – орталық қызметінің ағымдағы нәтижелерін талқылап, алдағы кезеңге арналған міндеттерді айқындау.​
🔹Жиынды орталықтың бас дәрігері Бағлан Қыдырбаев ашып, сөз барысында орталықтың 8 ай ішінде атқарған жұмыстарына қысқаша шолу жасады. Ол мекеме қызметінің негізгі бағыттарына тоқталып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоспарлармен таныстырды. Сонымен қатар, Бағлан Жарылқасынұлы орталықтың барлық құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері мен жауапты мамандарына нақты тапсырмалар беріп, жұмыстардың заң талаптары мен қызметтік тәртіпке сай орындалуының маңыздылығын ерекше атап өтті.
🔹Жиналыс барысында сөз алған орталықтың комплаенс-офицері М.Есдәулетова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң нормаларын түсіндіріп, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?», «Оның салдары мен заң алдындағы жауапкершілігі» секілді маңызды тақырыптарға тоқталып, адалдық пен заңға бағыну қағидаттарының барлық қызметкерлер үшін басты ұстаным болуы керектігін баса айтты.
🔹Келесі кезекте орталықтың экономисі Л.Исакова сөз алып, мекемеге бөлінген қаржының жұмсалуы мен кіріс-шығыс есебі бойынша толық ақпарат берді. Ол қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына баса назар аударып, бұл бағыттағы есептілік пен ашықтықтың сақталуы туралы баяндады.
✅Жиналыс соңында бас дәрігер орталық қызметкерлерін белсенділік танытуға, өз ұсыныстарын еркін айтуға шақырды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін атқарылуы тиіс негізгі міндеттер нақтыланып, әр жауапты маманға тиісті тапсырмалар жүктелді.

 

“Керуен” базарында ақпараттық шара ұйымдастырылды

 

🔰 Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы “Керуен” базарында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

📌 Шара барысында тұрғындарға адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) берілу жолдары, жеке сақтану тәсілдері және індеттің алдын алу жолдары туралы толық мәлімет ұсынылды. Мамандар тақырыпты қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізуге баса мән берді.

📄 Сауда орнындағы кәсіп иелеріне ақпараттық жадынамалар таратылып, жұқпалы дерттің алдын алуға қатысты туындаған сауалдарға нақты жауаптар берілді. Медициналық қызметкерлер тарапынан қатысушыларға өмір салтына байланысты кеңестер ұсынылды.

Әскерилер арасында ақпараттық кездесу өтті

🔰 Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары Тараз өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасында қызмет ететін әскери қызметшілермен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Іс-шараға орталықтың эпидемиологы С.Дулатбаева, психолог Г.Шамурзаева және мейірбике А.Кокибаева қатысып, АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясының алдын алу, жұқтыру жолдары және сақтану шаралары туралы маңызды ақпаратпен бөлісті.

✅ Кездесудің басты мақсаты – АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу, жастар арасында ақпараттық сауаттылықты арттыру, және салауатты өмір салтын насихаттау.

🔹 Мамандар өз баяндамаларында келесі маңызды мәселелерге тоқталды:
• АИТВ инфекциясының жұғу жолдары (қан арқылы, қорғанусыз жыныстық қатынас, анадан балаға және т.б.);
• АИТВ-дан сақтанудың тиімді әдістері;
• АИТВ-ға тест тапсырудың маңыздылығы мен қолжетімділігі;
• Ерте диагностикалаудың артықшылықтары мен емдеу мүмкіндіктері;
• Стигма мен кемсітушілікпен күресу.

Сонымен қатар, АИТВ және ЖИТС туралы кеңінен мәлімет беріліп, қазіргі таңдағы эпидемиологиялық жағдай айтылды.

💬 Әскери қызметшілер мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі жан-жақты жауаптар алды.

Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Тараз өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы атынан орталық мамандарына алғыс айтты. Мұндай кездесулер әскери қызметшілердің денсаулық мәдениетін көтеріп, жұқпалы аурулардың алдын алуға септігін тигізетіні сөзсіз.

🧬 АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы. Бұл инфекцияны ерте кезеңде анықтап, арнайы ем қабылдау арқылы адамның өмір сүру сапасын айтарлықтай арттыруға болады. АИТВ-ға қарсы вакцина жоқ, бірақ оның алдын алуға болады. Сондықтан профилактика мен ақпараттандыру – басты құрал.

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлының 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне 30 жыл толуына орай ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті әріптестер!

Сіздерді еліміздің басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тірегі, бірлігіміздің негізі. Ол – әр азаматтың құқығы мен еркіндігін қорғап, еліміздің даму жолын айқындайтын маңызды құжат.

Бұл мереке – елге, заңға, болашаққа деген сенімді күшейтетін, барша азаматты отансүйгіштікке және жауапкершілікке үндейтін маңызды күн.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық және еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!

 

 

30 Тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне 30 жыл!

⚜️Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне 30 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.

⚜️Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен салтанатты түрде ашылды. Одан кейін орталықтың бас дәрігерінің орынбасарының міндетін атқарушы Темірлан Тайчибеков құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол: «Құрметті әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституциямыздың 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Конституция – тәуелсіздігіміздің тірегі, ел бірлігінің бастауы. Осы құндылықтарды ұстана отырып, әрқайсымыз өз саламызда адал еңбек етіп келеміз. Денсаулық сақтау саласы – халыққа қызмет етудің биік үлгісі. Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!» – деп жүрекжарды лебізін білдірді.
⚜️Мерелік шара барысында емдеу-алдын алу бөлімінің қызметкері Мөлдір Мухаметқалиеваның Конституцияға арналған мазмұнды презентациясы ұсынылды. Сонымен қатар, жүргізуші Гүлнұр Жүнісбекова қатысушыларға Конституцияға байланысты түрлі сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген қызметкерлерге сыйлықтар табыстады.
⚜️Іс-шара соңында емдеу-алдын алу бөлімінің қызметкерлерінің орындауында патриоттық рухтағы «Атамекен» әні шырқалып, көрермендердің жүрегіне жылы әсер сыйлады.

🔰Мемлекетіміздің іргетасы – Конституциямыз берік болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

АИТВ туралы мағлұмат – денсаулық кепілі!

 

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы «Ауыл Береке» базарында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.

🔹 Шара аясында тұрғындарға АИТВ-ның жұғу түрлері мен одан қорғану жолдары жайлы толық мәлімет берілді.

📄 Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында түсінікті әрі пайдалы парақшалар үлестіріліп, мамандар тарапынан жеке кеңестер ұсынылды.