Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл ауданында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша семинар өтті

Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Д.Абдраманова қатысуымен семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы туралы ақпарат беру, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шараларын түсіндіру болды.
Семинар барысында АИТВ-инфекциясына тексерілуі тиіс контингенттер, жүкті әйелдер мен олардың серіктестерін тексеру, тестілеу нәтижелері, сондай-ақ қарым-қатынасқа дейінгі және қарым-қатынастан кейінгі профилактика мәселелері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу және анадан балаға берілуінің алдын алу тақырыптары қамтылды.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Шу ауданының орталық аудандық ауруханасында семинар өтті

Шу ауданының орталық аудандық ауруханасында«Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ-инфекциясын кеш анықтау. Клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – медицина қызметкерлерін АИТВ-инфекциясының таралу деңгейі, оны ерте анықтау, клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру және алдын алу шаралары бойынша ақпараттандыру.
Іс-шара барысында: Жамбыл облысы мен Қазақстан Республикасы бойынша эпидемиологиялық жағдай талқыланды. АИТВ-ға тексерілуге жататын халық топтары қарастырылды. Кеш анықтаудың алдын алу және клиникалық көрсеткіштерге сай тестілеу мәселелері түсіндірілді. 2025 жыл және 2026 жылдың алғашқы 2 айындағы тестілеу нәтижелері ұсынылды.
Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары – дәрігер-эпидемиолог И.Дегтерева және дәрігер-инфекционист Г.Байдаулетова жүргізді.
Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тәжірибелік ұсыныстар алды.

Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасында бейресми оқыту семинары өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Абдраманова Д.Е. ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтау мамандары арасында АИТВ-ға қатысты стигма және кемсітушілік» тақырыбында бейресми оқыту семинар өткізілді.
Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасында өткен іс-шараның мақсаты – медицина қызметкерлерінің АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері бойынша білімін арттыру.
Семинар бейресми оқыту форматында өтіп, қатысушылар арасында ашық диалог пен тәжірибе алмасу ұйымдастырылды. Кездесу барысында стигма, кемсітушілік және олардың медициналық көмек сапасына әсері талқыланып, пациенттердің құқықтары мен құпиялылығын сақтау мәселелері қарастырылды.
Семинар қорытындысында қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, кәсіби әрі құрметке негізделген орта қалыптастыру жолдарын талқылады.

Медицина қызметкерлеріне арналған АИТВ/ЖИТС бойынша семинар

Облыстық көп бейінгі ауруханасында АИТВ инфекциясы мен ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі семинар өтті. Іс-шараға медицина қызметкерлері қатысты.
Семинарды облыстық ЖИТС орталығының инфекционист дәрігері К. Сметова және эпидемиолог дәрігері Қ. Аушенова өткізді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ/ЖИТС-ке қатысты нормативтік-құқықтық актілер, АИТВ инфекциясы мен кәсіби жұқтырудың алдын алу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, авариялық жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер, АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатындағы жанасуға дейінгі профилактика және жанасудан кейінгі профилактика, АИТВ-статусты білудің маңыздылығы, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұдан бөлек, семинар барысында клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға тексерілу қажеттілігі және медицина қызметкерлері үшін авариялық жағдайлар (қанмен немесе басқа да биологиялық сұйықтықтармен жанасу) кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толық әрі түсінікті жауаптар берілді.

«Даримет» медициналық орталығында семинар өтті.

Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Д.Абдраманова жүргізді.
Семинардың мақсаты – қатысушыларды Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының таралу деңгейімен, АИТВ инфекциясы бойынша жаңа нормативтік-құқықтық құжаттармен, АИТВ -ға тексерілуге жататын контингенттерді анықтау және профилактика шараларымен таныстыру болды.
Семинар барысында Жамбыл облысы және республика бойынша АИТВ/ЖИТС -тің эпидемиологиялық жағдайы, медициналық ұйымдардағы ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар, АИТВ инфекциясына міндетті құпия медициналық тексеру жүргізу қағидалары, кәсіби жұқтырудың алдын алу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, стигма мен кемсітушілік мәселелері, АИТВ -инфекциясын диагностикалау, емдеу және қатар жүретін аурулар тақырыптары кеңінен талқыланды.
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Жыл басы – береке мен бірлік бастауы

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығында 22 наурыз – Жыл басы мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырылды. Бұл айтулы күн Наурыз мейрамы аясында аталып өтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, ұжым арасындағы бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталды.
Мерекелік шараның ашылуында орталықтың бас дәрігері Б.Қыдырбаев сөз сөйлеп, барша ұжымды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады. Бағлан Жарылқасынұлы өз сөзінде Ұлыстың ұлы күні наурыздың мән-мағынасына тоқталып, әріптестеріне зор денсаулық, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық пен береке тіледі.
Іс-шара барысында орталық қызметкерлерінің мәдени-танымдық бағдарламалары ұсынылды. Қатысушылар ұлттық әндер орындап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар қызықты ойындар ұйымдастырылып, ұжым қызметкерлері белсенділік танытып, мерекенің сәнін кіргізді.
Мерекенің ерекше бөліктерінің бірі – ұлттық тағамдар көрмесі болды. Орталықтың әрбір бөлімі қазақтың дәстүрлі ас мәзірінен дәм ұсынып, олардың дайындалу жолдары мен ұсынылу ерекшеліктерін таныстырды. Бұл көрме ұлттық тағамдардың маңызын айқындап, салт-дәстүрге деген құрметті арттыра түсті.
Аталған іс-шара ұжым мүшелеріне ерекше әсер сыйлап, достық қарым-қатынасты нығайта түсті.

#Nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы

Медицинадағы стигма: көзқарасты өзгерту – сапалы көмектің бастауы

№6 қалалық емханада медицина қызметкерлеріне арналған бейресми оқыту семинары ұйымдастырылды. Тақырыбы – ВИЧ-пен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма және кемсітушілікті алдын алу.
Оқытуды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Д.Абдраманова жүргізді.
Семинар барысында қатысушылар:
– стереотип пен алдын ала қалыптасқан көзқарастардың қалай пайда болатынын
– стигманың ашық және жасырын түрлерін
– кемсітушілік деңгейлері мен себептерін
– медициналық мекемелердегі стигманың пациенттерге қалай әсер ететінін
– нақты жағдайлар арқылы оның салдарын
– және ең бастысы – құрметке негізделген, қауіпсіз әрі құпиялылық сақталатын орта қалыптастыру жолдарын талқылады.
Бейресми оқыту арқылы мамандар тәжірибе алмасып, кәсіби дағдыларын жетілдірді.

Диагностикалық зертханадағы қауіптіліктің «САРЫ КОД» жиынтығы бойынша тәжірибе алмасты

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының диагностикалық зертханасының зертханашы маманы А. Малимов зертхана бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, медициналық мекемелерде қолданылатын төгілген химиялық және биологиялық сұйықтықтарды (заттарды) жинауға арналған «САРЫ КОД» жиынтығы бойынша талқылау жүргізді.
Іс-шара барысында қауіпті жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдай кезінде әрекет ету алгоритмдері және қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар мамандар өзара тәжірибе алмасып, практикалық дағдыларын жетілдірді.

«Жамбыл ГРЭС» акционерлік қоғамында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді

Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева мобильді тобымен бірге «Жамбыл ГРЭС» акционерлік қоғамының жұмысшыларына арналған ақпараттық-профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға АИТВ/ЖИТС бойынша әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай, жұғу жолдары, алдын алу шаралары және инфекцияның адам денсаулығына әсері туралы кең көлемде ақпарат берілді. Сонымен қатар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ), В және С вирусты гепатиттерінің алдын алу жолдары жан-жақты түсіндіріліп, ақпараттық бүктемелер таратылды.
Аталған кәсіпорында ЖИТС орталығының мамандары жұмысшылардан ИФТ әдісімен тегін қан алу жұмыстарын жүргізді.

Жаңару күні – игі бастамалардың көрінісі!

19 наурыз – Жаңару күніне орай Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының ұжымы игі іс-шара ұйымдастырды.
Орталық қызметкерлері бірлесіп, жұмыс орнының аумағына шырша ағаштарын отырғызды. Бұл бастама – табиғатты аялау, қоршаған ортаны көркейту және келешек ұрпаққа жасыл мұра қалдыруға бағытталған маңызды қадам.
Ағаш отырғызу – тек экологиялық акция ғана емес, ол жаңару мен өмірдің жалғастығын бейнелейтін ерекше символ. Ұжымның бұл әрекеті ұйымшылдық пен жауапкершіліктің, сондай-ақ табиғатқа деген қамқорлықтың айқын көрінісі болды.
​ Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!