Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ туралы ақпараттық шара өтті

 

🔰 Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы “Dos-Nar” сауда орталығында орналасқан дүкендер мен “Ауыл-Береке” базарындағы ет павильонында ақпараттық іс-шарасын жүргізді.

📌 Іс-шара барысында АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, жеке қорғану әдістері мен алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді.

📄 Шара барысында кәсіпкерлерге ақпараттық парақшалар таратылып, медицина мамандары тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар мен пайдалы кеңестер берілді.

“TEMІР ЛБ” ЖШС жұмысшыларымен кездесу өтті

 

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының мамандары психолог Г.Шамурзаева және мейірбике А.Кокибаева “TEMІР ЛБ” ЖШС қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары мен ерте диагностиканың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

✅ Шара барасында ақпараттық парақшалар таратылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

АИТВ-ның алдын алу – әркімнің жауапкершілігі!

 

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының мамандары 2025 жылдың тамыз айында Тараз қаласында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.

👩🏼‍⚕️ Психолог Г.Шамурзаева және мейірбикелер А.Кокибаева мен А.Науанова қала тұрғындары мен қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары мен ерте диагностиканың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ақпараттық іс-шаралар келесі орындарда өтті:
📍 “Алатау” орталық әмбебап дүкені
📍 “Азаматтарға арналған үкімет”
📍 Стоматология, BB Customi
📍 “Kodac” фото салоны
📍 “Блинная”, “Кофе с собой”, “Канагат” кафелері
📍 “Lakme” сұлулық салоны
📍 Қала тротуарлары
📍 “Жасыл ел-Тараз” жұмысшылары

🔹 Ақпараттық парақшалар таратылып, жұртшылыққа АИТВ туралы маңызды мәліметтер ұсынылды.

АИТВ – инфекциясынан сақ болайық!

 

Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес орталығының психолог маманы Г. Шамурзаева және мейірбикелер А. Кокибаева мен А. Науанова Тараз қаласындағы бірқатар нысандарда ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастырды.

📍 Іс-шара аясында Төле би көшесінде орналасқан келесі мекемелер қамтылды:
▪️ «ТАРАЗ ҚАЛАСЫ әкімдігінің МЕДИА ОРТАЛЫҒЫ» КММ; Жилстройбанк; Нотариус кеңсесі; “DikS” ерлер киімі дүкені; “WEDRINK” кофеханасы; “ADILET” азық-түлік дүкені; “NAIL • STUDIo”; “Belle” сұлулық салоны

🔍 Қызметкерлер мен келушілерге АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, қорғану тәсілдері және алдын алу шаралары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, мамандар қажетті кеңестер ұсынып, ақпараттық материалдар таратты.

АИТВ-ның алдын алу – әр адамның қолында!

 

🔰 Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы “Dos-Nar” сауда орталығында орналасқан “Ателье” тігін цехының қызметкерлеріне ақпараттық-насихаттау кездесуін өткізді.

📌 Шара барысында АИТВ инфекциясының таралу жолдары, жеке қорғану тәсілдері және алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді.

📄 Қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, мамандар тарапынан сауалдарға нақты жауаптар мен кеңестер берілді.

АИТВ инфекциясының алдын алу шарасы өтті

🔹 Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Жамбыл облысы Полиция департаментінің жергілікті Полиция қызметі басқармасының қызметкерлеріне арналған ақпараттық іс-шара өткізді.

🔹 Іс-шара барысында орталықтың эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева мен психолог маман М.Бегманова қатысушыларға АИТВ/ЖИТС бойынша әлемдегі, еліміздегі және өңіріміздегі эпидемиологиялық жағдай, жұғу жолдары, алдын алу шаралары және инфекцияның адам денсаулығына әсері туралы кең көлемде ақпарат берді. Сонымен қатар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және В мен С гепатиттерінің таралуын болдырмау жолдары да жан-жақты түсіндірілді. Қатысушыларға арнайы ақпараттық бүктемелер таратылды.

✅Сондай-ақ ЖИТС орталығының мамандары орталықта тегін ИФТ әдісімен қан тапсыруға немесе жедел тест арқылы өз АИТВ мәртебесін білуге болатынын түсіндірді. Тест нәтижелері әр қызметкерге жеке түрде хабарланатыны және қажет болған жағдайда қосымша медициналық кеңес пен денсаулық сақтау бойынша ұсыныстар берілетіні айтылды.

Ақпарат алу мен тексерілу – қауіпсіз өмір кепілі!

 

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оныменкүрес жүргізу орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы бірқатар нысандарда ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

🔹Іс-шара барысында “MED QYZMET” Em-Shara кабинеті, “Тіс дәрігері” тіс емханасы, “JOPSI” оптикасы, “CVETOSHKA” гүл дүкені, “Арай” аяқкиім жөндеу шеберханасы, “ЭКСПРЕСС-АТЕЛЬЕ” киім жөндеу орны, “Центральный гастроном” дүкені, “ТЕРРИТОРИЯ КРАСОТЫ” және “Cassic” сұлулық салондарының қызметкерлері мен клиенттеріне АИТВ инфекциясының алдын алу туралы кең көлемде ақпарат берілді.

✅Мамандар ақпараттық бүктемелер таратып, тұрғындарға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, сақтану шаралары және алдын алу маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндірді.

АИТВ инфекциясының алдын алу – әркімнің жауапкершілігі!

 

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы бірқатар мекемелерде ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.

🔹Атап айтқанда, “Рысбаева и Ко” баспа қызметі, “Банк ЦентрКредит” орталық бөлімшесі, “Beeline” кеңсесі мен “Bellissimo” химиялық тазалау орнының қызметкерлері мен келушілеріне АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары бойынша ақпарат беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

✅Шара барысында ақпараттық бүктемелер таратылып, АИТВ туралы маңызды мәліметтермен бөлісілді.

Абай Құнанбайұлы – 180 жыл

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған “Адамзаттың Абайы” атты республикалық челленджін жолдайды!

 

АИТВ-ның алдын алу – басты назарда

 

🔰 Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы бірқатар мекемелерде ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастырды.
🔹 Іс-шара барысында 7-ші мөлтек ауданында орналасқан «Акшамат», «Банк ЦентрКредит», «Народный банк», «Гербалайф» секілді мекеме қызметкерлері мен тұтынушылары қамтылды. Оларға АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, одан сақтану тәсілдері мен алдын алу шаралары жөнінде жан-жақты мәлімет берілді.
📄 Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында тақырыптық парақшалар таратылып, мамандар тарапынан кеңестер ұсынылды.