Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Студенттерге арналған АИТВ бойынша ақпараттық байқау өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И. Досымова, “Almaz Medical Group” емханасының Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, “Almaz” жастар денсаулық орталығының жетекшісі Б. Токсанбаева және Жастар орталығының бірлесуімен Қазіргі заман гуманитарлық-техникалық колледжі студенттер үшін «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ақпараттық байқау ұйымдастырылды.
Мақсаты:
• АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы дұрыс және ғылыми дәлелденген ақпарат беру,
• Жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру,
• Ақпараттық сауаттылықты арттыру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды үйрету,
• Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Байқау студенттердің қызығушылығын арттырып, өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алуына мүмкіндік берді.

Шу колледжінде ақпараттық акция өтті

Шу қалалық емханасының Жастар денсаулық орталығы №10 Шу колледжінің білімгерлеріне
«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ақпараттық акция ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты – жастарға АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы дұрыс, ғылыми негізделген ақпарат беру, инфекциялардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, жауапты мінез-құлықты насихаттау және салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру.

Іс-шара барысында білімгерлерге:
– қауіпсіздік шаралары,
– стигма мен кемсітушіліктің алдын алу,
– АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету
тақырыптарында ақпараттық жадынамалар таратылды.

Энергетика факультеті студенттеріне АИТВ туралы ақпараттық дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің Энергетика факультеті студенттеріне «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізді.

Дәрістің мақсаты – жастарға АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы дұрыс ақпарат беру, алдын алу мәдениетін қалыптастыру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды насихаттау. Кездесу барысында маман:
– АИТВ-ның жұғу жолдарын,
– алдын алу әдістерін,
– қауіпсіз мінез-құлықтың маңызын,
– қоғамдағы стигма мен кемсітушілікпен күресу жолдарын түсіндірді.
Студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Соңында ниет білдіруші студенттер ИФТ әдісі арқылы қан сынамасын тапсырды.

Аспара колледжінде ақпараттық дәріс өтті

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мобильді тобы Аспара колледжінде
«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізді.

Дәрістің мақсаты – жастарға АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы дұрыс әрі ғылыми негізделген ақпарат беру, алдын алу мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Мамандар АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу тәсілдері, қауіпсіз мінез-құлық және стигмамен күрес бойынша түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Мұнай газ және тау кен ісі білім беру бағдарламасы факультеті студенттеріне АИТВ туралы ақпараттық дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің Мұнай газ және тау кен ісі білім беру бағдарламасы факультеті студенттеріне
«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ақпараттық дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы дұрыс және ғылыми дәлелденген ақпарат тарату, жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, ақпараттық сауаттылықты арттыру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды үйрету. Сонымен қатар студенттер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Дәріс барысында мамандар АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу тәсілдері, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, қоғамдағы стигма мен кемсітушілікпен күресу жолдары туралы жан-жақты түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Б.Бесбаев атындағы орта мектебіорта мектепте ақпараттық дәріс өтті

Ақбұлым ауылында орналасқан
Б.Бесбаев атындағы орта мектепте Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында психолог Г. Салпыкова жасөспірімдерге АИТВ-ның жұғу жолдары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және қоғамда стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ салауатты өмір салтының маңыздылығына ерекше тоқталды.
Шара соңында орталықтың мейірбикесі А. Кокибаева оқушыларға ақпараттық жадынамалар таратып, АИТВ-ның алдын алу бойынша пайдалы кеңестермен бөлісті.

Экология мамандығы студенттеріне АИТВ туралы ақпараттық дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің “Экология” мамандығының студенттеріне
«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ақпараттық дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы дұрыс және ғылыми дәлелденген ақпарат тарату, жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, ақпараттық сауаттылықты арттыру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды үйрету. Сонымен қатар студенттер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Дәріс барысында мамандар АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу тәсілдері, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, қоғамдағы стигма мен кемсітушілікпен күресу жолдары туралы жан-жақты түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектепте ақпараттық дәріс өтті

Қызыл жұлдыз ауылында орналасқан Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектепте Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында психолог Г. Салпыкова жасөспірімдерге АИТВ-ның жұғу жолдары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және қоғамда стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ салауатты өмір салтының маңыздылығына ерекше тоқталды.
Шара соңында орталықтың мейірбикесі А. Кокибаева оқушыларға ақпараттық жадынамалар таратып, АИТВ-ның алдын алу бойынша пайдалы кеңестермен бөлісті.

Студенттерге арналған АИТВ туралы ақпараттық дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің студенттеріне
«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ақпараттық дәріс ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында АИТВ-инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және өзге де жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, ақпараттық сауаттылықты арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау дағдыларын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Дәріс барысында эпидемиолог дәрігер С. Дулатбаева және психолог маман Г. Шамурзаева студенттерге АИТВ-ның жұғу және алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, қоғамдағы стигма мен кемсітушілікті жоюдың өзектілігі туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды.

Жастар денсаулығы үшін ашық есік күні өтті

 

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының №6 сенім пункті мен №6 емханасының жастар денсаулық орталықтары бірлесіп, тұрғындарға арналған «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты ашық есік күнін ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – жастарға АИТВ-инфекциясы және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу жөнінде дұрыс ақпарат беру, жауапты мінез-құлық пен салауатты өмір салтын насихаттау.
Қатысушыларға тегін кеңес алу, жылдам тестілеуден өту және дәрігер-мамандармен әңгімелесу мүмкіндігі ұсынылды.