Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы мен №6 қалалық емханасының ұйымдастыруымен тұрғындарға арналған ашық есік күні өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың АИТВ-инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру, аурудың алдын алу жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат беру және тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру. Ашық есік күні барысында емхана қызметкерлері келушілерге АИТВ-инфекциясының жұғу және алдын алу жолдары, ерте диагностиканың маңыздылығы, сондай-ақ құпия түрде және тегін тексерілудің артықшылықтары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

АИТВ-ның алдын алу бағытында тұрғындармен ақпараттық кездесу өтті

22 шілде күні Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары тұрғындардың АИТВ-инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру және аурудың алдын алу мәдениетін қалыптастыру мақсатында кезекті ақпараттық-ағарту іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында орталықтың мейірбикелері Э. Ибрагимова мен М. Момынтаева Тараз қаласындағы ЦУМ және ОӘД кәсіпкерлері мен келушілермен кездесіп, АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, одан қорғану тәсілдері, ерте анықтаудың маңызы және тұрақты түрде тексеріліп тұрудың қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мамандар салауатты өмір салтын ұстанудың жұқпалы аурулардың алдын алудағы маңызын атап өтіп, тұрғындардың сауалдарына жан-жақты жауап берді. Сонымен қатар қатысушыларға АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша пайдалы ақпарат қамтылған жадынамалар мен ақпараттық буклеттер таратылды.

Тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру шаралары өткізілді

Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мамандары тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында орталықтың мейірбикелері Б. Салменбаева мен С. Сүгірбекова Тараз қаласындағы «Taraz Optica» дүкенінде, «Амир и Д» дәріханасында, «Диана» сауда үйінде, «Айырылмас» базарында, сондай-ақ жаяу жүргіншілер көп шоғырланатын орындарда тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын өткізді. Кездесу барысында тұрғындарға АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, оның алдын алу шаралары, уақтылы тексерілудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың қажеттілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, олардың сұрақтарына мамандар тарапынан толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.

Тұрғындарға АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мамандары халық арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытында санитариялық-ағарту жұмыстарын ұйымдастырды. Іс-шара барысында орталықтың мейірбикелері Тоғанбай Нұрдана Қайратқызы мен Момынтаева Майра Мырзадилқызы Тараз қаласындағы «Мир чехлов», «Azhar Cosmetics», «Setmax», «Мир сумок», «Аксессуарлар әлемі», «Тұмар» сауда үйі, зергерлік дүкен және «Dodo Pizza» сауда нысандарында, сондай-ақ жаяу жүргіншілер көп шоғырланатын орындарда тұрғындармен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында тұрғындарға АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, оның алдын алу шаралары, дер кезінде тексерілудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың қажеттілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық-танымдық парақшалар таратылып, олардың сұрақтарына мамандар тарапынан толық әрі жан-жақты жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

Комплаенс қызметі және еңбек заңнамасындағы өзгерістер түсіндірілді

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мәжіліс залында қызметкерлердің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті. Жиын барысында комплаенс қызметінің маманы А.В. Пронина қатысушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелер мен қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат берді. Жиынның негізгі тақырыптары: – Комплаенс қызметінің негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралары; -Орталықта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу; – Ішкі нормативтік құжаттарды және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты өзектендіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру. Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, комплаенс мәдениетін қалыптастырудың, ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.

«Grand Bazaar» сауда орталығында ақпараттық-түсіндіру шаралары өткізілді

Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мамандары тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында орталықтың мейірбикелері А. Никулина мен Э. Ибрагимова Тараз қаласындағы «Grand Bazaar» сауда орталығында, сондай-ақ жаяу жүргіншілер көп шоғырланатын орындарда тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын өткізді. Кездесу барысында тұрғындарға АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, оның алдын алу шаралары, уақтылы тексерілудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың қажеттілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, олардың сұрақтарына мамандар тарапынан толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.

Тұрғындар арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша түсіндіру шаралары ұйымдастырылды

2026 жылғы 7 шілдеде Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру мақсатында кезекті ақпараттық-профилактикалық іс-шара өткізді. Ақпараттық жұмыстар орталықтың мейірбикелері Гүлнұр Иманбаева мен Нейля Абугалиеваның қатысуымен «Tulpar Card» орталығында, «Relax Health» орталығында, «Modnyi Look» киім дүкенінде, «Armelle» дүкенінде, «Ara» 1000 мелочей сауда нүктесінде, «City Brand» сұлулық студиясында, сондай-ақ жаяу жүргіншілер көп жүретін тротуар аумақтарында жүргізілді. Кездесулер барысында тұрғындарға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, оның алдын алу әдістері, ерте диагностиканың маңыздылығы және салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі туралы жан-жақты мәлімет берілді. Іс-шара соңында келушілерге ақпараттық буклеттер таратылып, мамандар азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, АИТВ-инфекциясынан сақтану жолдары бойынша түсіндіру жұмысы

АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытындағы ақпараттық жұмыс жүргізілді

Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мейірбикелері Д.Еркулова және Б.Салменбаева тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша кезекті ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді. Іс-шара аясында орталық мамандары «Mr. Chicken» фаст-фуд орталығында, «Euro Mebel» жиһаз дүкенінде, «Korzinka» дүкендер желісінде, «Nurset» смартфон дүкенінде, «Бальзамы Короткова» дүкенінде, сондай-ақ жаяу жүргіншілер көп жүретін тротуар аумағында тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында келушілерге АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, жұқтыру қаупін төмендету шаралары, дер кезінде тексерілудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың қажеттілігі туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, тұрғындарға ақпараттық-танымдық жадынамалар таратылып, мамандар әрбір қойылған сұраққа жан-жақты жауап беріп, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша пайдалы кеңестер ұсынды.

1 шілдеден бастап елімізде жаңа Конституция күшіне енді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде жаңа Конституция күшіне енді. Аталған құжат азаматтардың, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын бұрынғыдай толық сақтайды.
Конституцияда белгіленгендей, Қазақстан Республикасының азаматтары заңмен көзделген жағдайларда тегін медициналық көмекті алуға құқылы. Бұл норма мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің бұрынғы тәртібін өзгертпейді.
АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау, емдеу және диспансерлік бақылау қызметтері Жамбыл облысында толық көлемде және тегін көрсетіледі. Барлық пациенттер қажетті антиретровирустық терапиямен, зертханалық тексерулермен және медициналық бақылаумен қамтамасыз етілген.
Бүгінде Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының диспансерлік есебінде 1195 пациент тіркелген.
Сонымен қатар орталықта АИТВ-ға тегін тексерілу мүмкіндігі бар:
-иммуноферменттік талдау (ИФТ)
-жедел тестілеу
-дәрігерлік және психологиялық кеңес беру
Барлық қызметтер құпия түрде және тегін көрсетіледі. ‎

№9 қалалық емханада АИТВ/ЖИТС бойынша семинар өтті

2026 жылғы 25 маусымда №9 қалалық емханада «Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясының алдын алу, ерте анықтау, диагностикалау және эпидемиологиялық қадағалау бағытындағы білімдерін жетілдіру, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру болды.
Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары – АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері Г.Ахметова және профилактика бөлімінің мейірбикесі Д.Еркулова жүргізді.
Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша қазіргі эпидемиологиялық ахуал туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, АИТВ-инфекциясына клиникалық көрсетілімдер бойынша 113.4 коды негізінде тексеру жүргізу тәртібі, диагнозды МКА-10 бойынша дұрыс рәсімдеу талаптары, АИТВ-ға міндетті түрде тексерілуге жататын контингенттер, медициналық ұйымдардағы ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар және қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттар кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында №9 қалалық емхана бойынша 2026 жылдың алғашқы бес айындағы АИТВ-инфекциясына тестілеу нәтижелері талданып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырмалы түрде сарапталды. Сондай-ақ, Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының зертханасына АИТВ-ға иммуноферменттік талдау (ИФТ/ИФА) жүргізуге арналған биоматериалды дұрыс алу, сақтау, тасымалдау және жеткізу қағидалары, сондай-ақ АИТВ-инфекциясына экспресс-тестілеу жүргізу тәртібі бойынша тәжірибелік ұсынымдар берілді.
Семинарда АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, инфекцияға байланысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу, пациенттердің құқықтарын сақтау және қоғамда толерантты көзқарасты қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.