Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Ашық есік күні

2021 жылдың 30 қарашасында №7 қалалық емханада «АИТВ: әрбірін  тыңда» атты дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес науқанына орайластырылған Ашық есік күні өткізілді.  Келушілер үшін АИТВ алдын алу және берілу жолдары мәселелері бойынша психологтың консультациялары ұйымдастырылды. Эпидемиолог-дәрігер Ысқақ Мейіржан Дүниежүзілік науқанды өткізу мақсаты туралы хабардар етті, тестілеу түрлері, өзінің АИТВ – мәртебесін не үшін білу қажет екендігі, емдеу принциптері туралы сұрақтарға жауап берді. Барлық ниет білдірушілер үшін АИТВ жедел әдіспен тест тапсыру пункті ұйымдастырылды. Ақпараттық буклеттер таратылды. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы Сунгибаев Бауыржан және осы емхана жанындағы стационарлық Сенім пунктінде жұмыс істейтін медбике Никулина Алена нашақорлықтың адам денсаулығына келтірілетін зияны туралы айтты.

 

 

Тараз қ. Төле би даңғылы,

64г +7 (7262) 45-65-32

aidstaraz@med.mail.kz                       Біз әлеуметтік желілердеміз

 

© 2021

 

 

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық кітапханада өткен кездесу

2021 жылдың 25 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес науқанына орайластырылған «Парасат» колледжінің студенттерімен «АИТВ: әрбірін тыңда» тақырыбында кездесу өтті. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Ысқақ Мейіржан мен психолог Бегманова Мереке АИТВ/ЖИТС берілу жолдары мен алдын алу шаралары, науқанды өткізу мақсаттары, тестілеу түрлері, емдеу, нашақорлық, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) туралы айтып берді.

 

Тараз қ. Төле би даңғылы,

64г +7 (7262) 45-65-32

aidstaraz@med.mail.kz                                                              Біз әлеуметтік желілерде

 

© 2021

Абайлаңыз, ЖИТС!

2021 жылдың 25 қарашасында Тараз медициналық колледжінде Дүниежүзілік ЖИТС қарсы науқанға орайластырылған «Абайлаңыз, ЖИТС» тақырыбында ашық сабақ өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Ләззат жиналғандардың барлығына білімдерін шыңдап, кәсіби тұрғыдан өсулеріне тілектестігін білдірді, өйткені олар болашақта медицина саласының маманы ретінде жалпы халыққа аурулардың негіздерін жеткізуі керек. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығынан шақырылған қонақтар ретінде эпидемиолог Ысқақ Мейіржан мен психолог Мереке Бегманова АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша оқытудың жоғары сапасы мен тамаша білімдерін атап өтті. Жүкті әйелге кеңес беру және инъекция қолданушыларға арналған көріністер жақсы көрсетілді.

 

Тараз қ. Төле би даңғылы,

64г +7 (7262) 45-65-32

aidstaraz@med.mail.kz                                                                       Біз әлеуметтік желілердеміз

 

© 2021

 

Студенттерге АИТВ/ЖИТС туралы

2021 жылдың 24 қарашасында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенттерімен Дүниежүзілік ЖИТС қарсы науқанға орай «АИТВ: әрбірін тыңда» тақырыбында кездесу өтті. Педагогика факультетінің деканы Маржан Қожаева АИТВ/ЖИТС, коронавирус, венерологиялық инфекциялар және т.б. инфекцияларды жұқтыру қаупі болған кезде өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды тіледі. ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Ысқақ Мейіржан, психолог Мереке Бегманова АИТВ таралу жолдары мен алдын алу шаралары, стигма мен кемсітушілік, нашақорлық және АИТВ, тестілеу түрлері туралы айтып берді. тілек білдірушілер АИТВ жедел-тестілеуден өтті.

 

 

 

АИТВ: Әрбірін түсіну

2021 жылдың 15-25 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасында «АИТВ: Әрбірін түсіну» тақырыбында ЖИТС қарсы дүниежүзілік науқан өтеді. #УслышатьКаждого #ӘрбірінТүсіну #toHearEveryone

https://www.instagram.com/tv/CWpbD1AoHHq/?utm_source=ig_web_copy_link

https://fb.watch/9tGNCtxxN4/https://youtu.be/JhUtMQ5fNTw

Жастарға АИТВ туралы

Адам АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС ауыратын адамнан ғана жұқтыра алады. АИТВ  жұқтырған адамдар өмір бойы оның тасымалдаушысы болып қалады.

АИТВ тек үш жолмен беріледі:

  1. қан арқылы;
  2. жыныстық жолмен;
  3. анадан балаға.

АИТВ жұқтырған адамдарды оқшаулауға негіз жоқ. Керісінше, бұл адамдарға қолдау мен түсіністік қажет. АИТВ-инфекциясы кезінде карантиндік іс-шаралардың қажеттілігі жоқ.

АИТВ адам ағзасына енгеннен кейін суық тию белгілері пайда болуы мүмкін (қызба, мұрыннан су ағу, жөтел, лимфа түйіндерінің ісінуі). 2 – 3 аптадан кейін жедел ағымы өтеді. Айта кету керек, жағдайлардың 60-70% жедел басталусыз өтеді. Инфекцияның дамуының осы кезеңінде инфекция фактісін анықтау мүмкін емес. АИТВ қарсы антиденелер (дәлірек айтқанда, қанда анықтау арқылы АИТВ-инфекциясы туралы айтады) инфекциядан кейін 3-6 айдан кейін ғана пайда болады. Бұл кезеңде АИТВ тестілері теріс болады және ол «сарысу терезесі кезеңі» деп аталады. Алайда, осы уақыттан бастап, жұқтырған адам инфекцияның бар-жоғын білмей, басқаларға жұқтыруы мүмкін. АИТВ жұқтырған адамдар өздерін сау сезінеді және толық еңбекке қабілеттілігін сақтайды.

АИТВ жұқтырудан қорғанудың жалғыз құралы – жауапты қауіпсіз мінез-құлық.

Жыныстық қатынасқа түспес бұрын, сіз оларды құруды үйренуіңіз керек, ал бірінші кезекте  сіз онымен айналысатын адамды жақсы білуіңіз керек.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы Тараз қаласы, Төле би көшесі, 64г мекен-жайы бойынша АИТВ тегін талдау тапсыруға шақырады

 

Төле би даңғылы, 64г

+7 (7262) 45-65-32
aidstaraz@med.mail.kz                             Біз әлеуметтік желідеміз

© 2021

АИТВ: Әрбірін түсіну

2021 жылдың 15-25 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасында «АИТВ: Әрбірін түсіну» тақырыбында ЖИТС қарсы дүниежүзілік науқан өтеді. #УслышатьКаждого #ӘрбірінТүсіну #toHearEveryone

https://www.instagram.com/tv/CWkWv5QoqIp/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/tv/CWj-8BAI10a/?utm_source=ig_web_copy_link

https://fb.watch/9qSYQb3hwO/

https://fb.watch/9qSZyOIKar/

Пенитенциарлық жүйедегі акция

2021 жылғы 19 қарашада УЖД 158/7 сотталғандарға және тергеуге қамауға алынғандарға дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес науқанына орайластырылған «АИТВ: әрбірін тыңда» тақырыбында акция өткізілді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Когай Виктор Дүниежүзілік науқанды өткізу мақсаты, ЖИТС күрес символы ретіндегі қызыл лента, Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы қысқаша тоқталды. «Салауатты өлке ЖанНұр» ҮЕҰ директоры Заида Орынбаева АИТВ/ЖИТС және басқа да аурулардың алдын алу шараларын сақтауға тілек білдірді. Акцияға пенитенциарлық жүйенің 5 мекемесі қатысып, плакаттар, концерттік нөмірлер ұсынылды. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) өкілі Махмудов Құлмұханбет акцияға қатысушылардың барлығына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. Байқау жеңімпаздары (1 орын — ТИ, 2 орын — УЖД 158/7, 3 орын — УЖД 158/5) ҮЕҰ сыйлықтарына ие болды, Облыстық ЖИТС орталығынан грамоталармен марапатталды.