Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«Өз статусыңды біл!»

7 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес күніне орай, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қызыл жұлдыз ауылының

Намазбаев Ақшабаев атындағы орта мектебінде Жамбыл облыстық  ЖИТС алдын алу орталығының қызметкерлері жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің ұйымдастырушы – дәріскері Жакенова Рахима өткізген  іс-шарасы                 « Өз статусыңды біл» деген ұранмен өтіп, 130 адамның басын қосты. Кең ауқымды іс-шараға дайындық барысында мектеп ұжымы    « Өз статусыңды біл »  жазуы бар баннер жасады.

Кездесу алдында мектеп директордың орынбасары Гулжан Көпжасарова кіріспе сөзін жасады.

Тыңдармандарға Рахима Жакенова дәріс беру барысында Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес күні,  Жамбыл облыстық  ЖИТС орталығы, ұйымдастырып  жатқан кампания «Өз статусыңды біл»  деген ұранмен өткізіліп тұрғаны туралы айтты. Әр адам ЖИТС орталығының достық кабинетіне барып, өз статусын анықтай алады.

Дәріс берілгеннен кейін, іс-шараға қатысушылар тақырыптық бейне көріп, викторина сұрақтарына жауап берді, алған білімдерін пысықтады. Дұрыс жауап бергендер приздермен марапатталды. Мағыналы кездесу мүдделі әңгімеге ұласты. Оқушылар, ұстаздар,психологтар мен әлеуметтік дәріскерлер  белсенділік көрсетті. Рахима Жакенова көптеген сұрақтарға, оның ішінде АИТВ байланысты кемсіту мен стигма туралы әңгімелеп, нақты фактілерді келтірді. Мектеп оқушылары тек  әңгімеге емес, ойынға да қызығушылық көрсетті.Ойын барысында біреулері АИТВ таралу жолдары туралы айтса, екіншілері АИТВ таралмайтын жолдары туралы  әңгімеледі.

-Осы айлық ішінде қалалық ілім беру мекемелерінде ұйымдастырылған іс-шаралалар жоспарын белгіледік. Ауылдың  да, қаланың да жастары  ЖИТС және АИТВ инфекциясы туралы білімдерін толықтыра отырып, осындай шараларға қатысқандығы қуантады,-деді дәріскер.

Жасөспірімдер арасындағы АИТВ/ЖИТС инфекциясы

07.12.2018ж. «АИТВ/ЖИТС алдын-алу» тақырыбында №44-ші орта мектебінде жоғары 9-11 сынып оқушылары арасында дәріс өткізілді. Іс шараны жүргізген Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидимиолог Әбдіманапова Ш.С.  Дәріс және бейнебаян АИТВ-ның алдын алу сауалдары төңірегінде жүргізілді. Жасөспірімдердің мінез-құлық әрекетінің анағұрлым қауіпсіз жолға бағытталуын қамтамасыз ету бүгінгі таңда АИТВ-ның таралуын тежеудің негізі болып табылатыны жөнінде мамандармен бір ауыздан айтылды.

Тараз қ. балалар үйінде АИТВ бойынша өткізілген дәріс

Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес күніне орай Сарымолдаева балалар үйінде ағымдағы жылдың 28 қарашасында облыстық ЖИТС орталығының маманы Р.Жакенова дәріс оқыды. Қазіргі таңда бұл мекеме «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» болып өзінің атауын өзгертті. Мекемеде тәрбиеленуші балаларға АИТВ/ЖИТС туралы, таралу жолдары, өз денсаулығы мен іс әрекетіне жеке жауапкершілігін қалыптастыру жайында барынша толық ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар орталықтың психологтары мен медициналық қызметкерлеріне ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға жыныстық мінез-құлық, қауіпсіз мінез-құлық жайында  кеңес беру тәсілдерімен бөлісті.

Жамбыл облысында сотталғалдар арасында Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес күні аталып өтті

28.11.2018ж. УЖД 158/7 мекемесінде Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес күніне орай өткізілген акцияға ат салысқандар арасында: Жамбыл облысы бойынша сотталғандарды медициналық қамтамасыздандыру тобының дәрігер-аға маман Махмудов К.С., УЖД 158/1; 158/2; 158/4; 158/5; 158/7 мекемелерінің АИТВ/ЖИТС қа жауапты медициналық қызмет басшылары болды. Іс шарада ақпараттық материалдар таратылып, бейнероликтер көрсетілді. Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Виктор Когай АИТВ инфекциясының таралу жолдарына және алдын алу шараларына, сонымен қатар АИТВ статусының мағынасы мен мәні туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының маманы Мырзатаев Ж.К. әр адамның денсаулығы өзіне байланысты, жауапты мінез құлықтың нәтижесі деді. Іс шарамен 175 адам қамтылды. 

№ 39 Панфилов атындағы мектеп-гимназиясы

29.11.2018ж. «Жасөспірімдердің жыныстық жетілуінде АИТВ білімінің қажеттілігі» тақырыбында №39-ші мектеп-гимназияның жоғары сынып оқушылары арасында дәріс өткізілді. Іс шараны ұйымдастырғандар: мектеп директорының құқық жөніндегі орынбасары   Батырбаева С.К., Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыру әдістемелік бөлім меңгерушісі Копбосунова А.О.   Дәріс және бейнебаян АИТВ-ның алдын алу сауалдары төңірегінде жүргізілді. Жасөспірімдердің мінез-құлық әрекетінің анағұрлым қауіпсіз жолға бағытталуын қамтамасыз ету бүгінгі таңда АИТВ-ның таралуын тежеудің негізі болып табылатыны жөнінде мамандармен бір ауыздан айтылды.

№ 49 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы

29.11.2018ж. «Жасөспірімдердің жыныстық жетілуінде АИТВ білімінің қажеттілігі» тақырыбында №49-ші мектеп-гимназияның жоғары сынып оқушылары арасында дәріс өткізілді. Іс шараны ұйымдастырғандар: мектеп директорының құқық жөніндегі орынбасары   Ходжаева Г., Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидимиолог Әбдіманапова Ш.С. және медбике Айдаралиева К.Т.  Дәріс және бейнебаян АИТВ-ның алдын алу сауалдары төңірегінде жүргізілді. Жасөспірімдердің мінез-құлық әрекетінің анағұрлым қауіпсіз жолға бағытталуын қамтамасыз ету бүгінгі таңда АИТВ-ның таралуын тежеудің негізі болып табылатыны жөнінде мамандармен бір ауыздан айтылды.

№13 темір жол колледжінің студенттерімен өткізілген дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасында 15 қарашадан 15желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес Кампаниясына орай №13 темір жол студенттерімен 28.11.2018 жылы екі кездесу өткізілді. Жамбыл облысының барлық білім беру мекемелерінде «Өз статусыңды біл» ұранымен дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізілуде. Студенттерге Кампанияның мақсаты мен міндеттері, алдын алу іс шаралары және АИТВ ның таралу жолдары туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар білімгерлер облыстық ЖИТС орталығының Достық кабинетіне тестілеуден өтуге, жыныстық қатынаспен берілетін инфекцияларға тексерілуге және дәрігерлерден кеңес алуға шақырылды.

29.11.2018жылы «Ашық есік күні»

Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы курес Кампаниясына орай Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында ағымдағы жылдың 29 қарашасында «Ашық есік күні» өткізіледі. Осы күні келушілердің иммуноферменттік талдау және жедел тестілеуден ақысыз өтуіне, сонымен қатар инфекционист, эпидемиолог дәрігерлерден кеңес алуына мүмкіндігі болады. Облыстық ЖИТС орталығының Достық кабинетіне Тараз қаласының 15-25 жас аралығындағы жастарды жедел тестілеуден өтуге және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға тексеріліп, дерматовенеролог дәрігерден кеңес алуға шақырамыз.

Көлік қызметкерлерімен бірлескен жұмыс

26.11.2018ж. темір жол көлігі қоғамдық денсаулық қорғау басқармасында Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес Кампаниясы қарсаңында аталған мекеменің қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді. Кампанияның мақсаты, логотипі, алдын алу шаралары, тестілеу түрлері туралы ОСӨСҚМО маманы Б.Сарыбаева және облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Т.Мамедова ақпарат берді. Сонымен қатар ақпараттық түсіндіру жқмыстары көлік қызметкерлерімен қоса жолаушыларға да жүргізіледі.

ОСӨСҚМО мен Облыстық ЖИТС орталығының бірлескен жұмысы

Қалалық және аудандық емханалардың қызметкерлерінің қатысуымен Тараз қ. №1 қалалық емханасында 23.11.2018ж. дөңгелек үстел өткізілді. Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес күніне орай өткізілген іс шарада медициналық қызметкерлер мен тұрғындар арасында жүргізілетін түсініктеме жұмыстары жайында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының маманы Б.Сарыбаева және облыстық ЖИТС орталығының маманы Т.Мамедова ақпарат берді. Олар Кампанияның мақсаты мен міндеттері және логотипімен таныстырды. «Ашық есік күні» өткізудің қажеттілігіне, тұрғындарды өз статусын білу мақсатында тестен өткізу ақпаратын және жауапты мінез құлықты қалыптастыру мен салауатты өмір салтын ұстануды насихаттады.