Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Оқыту семинары «АИТВ және ілеспе аурулармен өмір сүретін адамдарды емдеу мәселелері» 25.04.2025г.

25.04.2025 Жамбыл облыстық оңалту орталығыңда «АИТВ және ілеспе аурулармен өмір сүретін адамдарды емдеу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинар «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберінде өтті. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 155 бұйрығы).

41 қызметкерді қамтумен семинарды Жамбыл Облық ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері Байдаулетова Г.Т. өткізді. Сертификат нөмірлері 369-ден 409-ге дейін.

№24 гимназиясында АИТВ инфекциясының алдын алу туралы дәріс өтті

 

Тараз қаласының білім бөлімінің №24 гимназиясында облыстық ЖИТС орталығының психологы Г. Шамурзаева жоғарғы сынып оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу туралы маңызды дәріс өткізді. Бұл шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс ақпарат беру және олардың осы инфекцияның таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы білімін арттыру болды.

ЖИТС орталығының психолог маманы оқушыларға АИТВ/ЖИТС туралы негізгі ақпараттарды ұсынып, инфекцияның таралу жолдарын жан-жақты түсіндірді. Оқушыларға АИТВ-ның адам ағзасына қалай әсер ететіндігі және оны жұқтырудың мүмкін жолдары, сондай-ақ инфекцияның алдын алу тәсілдері туралы мәлімет берілді.

Дәріс барысында бейнемазмұн көрсетіліп, арнайы дайындалған ақпараттық бүктемелер таратылды. Сонымен қатар, Г. Шамурзаева дәрісте «Стигма мен кемсітушілік» тақырыбына да тоқталып, әрбір адамға құрметпен қараудың және адамгершілік құндылықтарды сақтау қажеттілігін атап өтті.

Д.М.Карбашев атындағы №16 орта мектебінде дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы Г.Шамурзаева Тараз қаласының білім бөлімінің Д.М.Карбашев атындағы №16 орта мектебінің оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу туралы дәріс өтті.

Дәріс барысында орталық маманы оқушыларға АИТВ – инфекциясынан  қорғану шаралары мен берілу жолдары, «Стигма мен кемсітушілік» толық ақпарат берді. Сонымен қатар АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған бейнероликтер көрсетіліп, қатысушыларға ақпараттық-ағарту парақшалары үлестірілді.

№22 орта мектебінде дәріс өтті

🔹Тараз қаласының білім бөлімінің №22 орта мектебінің акт залында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы Г.Шамурзаева 10-11 сынып оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу туралы дәріс өтті.
✅Іс-шара барысында АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды және ақпараттық бүктемелер таратылды.

🔰Мойынқұм ауданында медициналық қызметкерлерге арналған семинар өтті

🔹Ағымдағы жылдың 22-23 сәуір күндері Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелеріне арналған екі күндік семинар-сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараны Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары жүргізіп, семинар барысында медицина қызметкерлеріне өзекті әрі тәжірибесі мыңызды мәліметтер ұсынылды.
🔹Семинар аясында «Қазақстан және Жамбыл облысы АИТВ/ ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ/ЖИТС бойынша НҚА. АИТВ-инфекциясына халықты скринингі. АИТВ/ЖИТС алдын алу» және « АИТВ , мерез жене С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу», «Стигма мен кемсітушілік», сондай-ақ медициналық ұйымдардағы қауіпсіздік шаралары талқыланды.
🔹Семинардың негізгі мақсаты – медицина мамандарын АИТВ-ның таралу деңгейі мен алдын алу жолдары жөнінде хабардар ету, саладағы жаңа құжаттармен таныстыру және инфекцияны ерте анықтауға бағытталған тестілеу жұмыстарын тиімді жүргізуге қолдау көрсету.
🔹Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының инфекционист дәрігері С.Токбураева мен эпидемиолог дәрігер Д.Абдраманова жүргізді.
Бағдарлама бойынша АИТВ/ЖИТС жағдайына шолу жасап, нормативтік құжаттарға түсініктеме беруді, тестілеу тәртібі мен көрсеткіштерін талдауды, биоматериалмен жұмыс істеу ережелерін түсіндіруді, стигма мен кәсіби инфекциялардың алдын алуды қамтыды.​Қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
✅Қатысушылар өз жұмыстарына қажетті тәжірибелік және теориялық білім алып, инфекцияның алдын алуға қатысты нақты ұсыныстармен танысты.

№42 орта мектебінде АИТВ туралы тәрбиелік дәріс өткізілді

 

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы Г.Шамурзаева Тараз қаласының білім бөлімінің №42 орта мектебінің оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу туралы дәріс өтті.
🔹Дәрістің негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларына АИТВ мәселесі жөнінде толыққанды ақпарат беру, олардың білім деңгейін арттыру және АИТВ инфекциясының таралуына қарсы дұрыс түсінік қалыптастыру.
🔹Іс-шара барысында оқушыларға АИТВ инфекциясынан қорғану жолдары, оның берілу жолдары мен алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, «Стигма мен кемсітушілік» тақырыбына да назар аударылды.​
✅Іс-шараның тағы бір маңызды бөлімі – оқушыларға ақпараттық бүктемелер таратылып, АИТВ-ның алдын алу, оның берілу жолдары және дұрыс өмір сүру тәсілдері жайлы кеңестер ұсынылды.

Оқыту семинары «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу мәселелері» 22.04.2025 ж.

22.04.2025 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Мойынқұм аудандық орталық ауруханасында «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинар «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберінде өтті. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 155 бұйрығы).

47 қызметкерді қамтумен семинарды Жамбыл Облық ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері Токбураева С.Д. өткізді. Сертификат нөмірлері 404-ден 450-ге дейін.

Оқыту семинары «Денсаулық сақтау мамандары арасында АИТВ қатысты стигма және кемсітушілік» 23.04.2025 ж.

23.04.2025 жылы Мойынқұм аудандық орталық ауруханасында  «Денсаулық сақтау мамандары арасында АИТВ қатысты стигма және кемсітушілік» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Жол картасы шеңберінде Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған семинар өтті (ҚР ДСМ 16.03.2023 ж. т. № 155 бұйрығы).

Семинарды Жамбыл ЖИТС орталығының АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Д.Е.Абдраманова жүргізіп, АИТВ өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің негізгі аспектілерін қарастырды. АИТВ  байланысты стигма және денсаулық сақтау мекемелеріндегі кемсітушілік АИТВ – ға қарсы кешенді, сапалы көмек көрсетудің негізгі кедергісі ретінде. Медициналық мекемелердегі нақты жағдайлардың мысалында АИТВ өмір сүретін адамдарға қатысты стигманың салдары. Медицина қызметкерінің кәсіби ортада стигма мен кемсітушілікті төмендету жолдары анықталды. Семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, жауаптар алды.

Семинар-тренингке 44 Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлері қатысты. Сертификат нөмірлері 477-ден 523-ке дейін.

 

Оқыту семинары «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу мәселелері» 03.04.2025 ж.

03.04.2025 жылы  Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинар «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберінде өтті. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 155 бұйрығы).

54 қызметкерді қамтумен семинарды Жамбыл Облық ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері Г.К. Темирбекова өткізді. Сертификат нөмірлері 350-ден 403-ге дейін.

Оқыту семинары «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу мәселелері» 02.04.2025 ж.

02.04.2025 жылы  Тараз қаласының Қалалық перинаталдық орталығында «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинар «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберінде өтті. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 155 бұйрығы).

41 қызметкерді қамтумен семинарды Жамбыл Облық ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері Г.К. Темирбекова өткізді. Сертификат нөмірлері 309-ден 349-ге дейін.