Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№40 гимназияның жоғары сынып оқушыларына арналған профилактикалық ақпараттық дәріс өткізілді

№40 гимназиясының жоғары сынып оқушыларына Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының медбикесі Г. Иманбаева ақпараттық дәріс өткізді.
Дәріс барысында АИТВ инфекциясының алдын алу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), қауіпсіз мінез-құлық қағидалары және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы кеңінен түсіндірілді.
Оқушылар танымдық сұрақ-жауап форматында белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптар алды.
Дәріс барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қосымша материалдар таратылды.