Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Емханалық қызметтің медицина қызметкерлеріне АИТВ алдын алу мәселелері бойынша дәріс беру.

2019 жылы 7 маусымда «Жанұя» қалалық емханасында медицина қызметкерлеріне арналған «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, тері аурулары» және «БМСК жағдайында АИТВ инфекциясы бойынша халыққа медициналық психоәлеуметтік кеңес беру» тақырыптары бойынша семинар-тренинг өтті. Медицина қызметкеріне халыққа кеңес беру, Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық ахуал, АИТВ берілу жолдары мен факторлары, алдын алу шаралары, стигма және кемсітушілік шаралары бойынша базалық дәріс берілді. Сондай-ақ, АИТВ жұқтыру факторларының бірі ретінде жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы мәлімет берілді. Практикалық сабақтар, «Қауіп шкаласы», «Миға шабуыл» тренингтері өткізілді. Семинар қатысушыларына АИТВ білуіне сауалнама жүргізілді.

Семинарға қатысушылар: тіс дәрігерлері, ЖТД ,фельдшерлер және т.б.

«Қауіп шкаласы » тренингін өткізу сәті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған