Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында өткен онлайн семинар

2020 жылғы 16 қазанда Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы мамандары АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиологы А.Б.Жетібаева, емдеу-алдын алу бөлімінің инфекционист дәрігері Г.Т.Байдәулетова аурухананың медицина қызметкерлері үшін онлайн семинар өткізді. Семинардың мақсаты қатысушыларды Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ-инфекциясының таралу деңгейімен таныстыру, АИТВ-инфекциясы бойынша жаңа нормативтік-құқықтық базамен, №4 есептік нысанға сәйкес ЖОФО бойынша 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылдың 9 айында АИТВ-инфекциясына тестілеудің нәтижелерімен және АИТВ-инфекциясының байланыстан кейінгі профилактикасымен таныстыру болды. Онлайн семинарды Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының 22 медицина қызметкерлері тыңдады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған