Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№ 9 қалалық емханадағы онлайн семинар

   2020 жылдың 19 қазанында No9 қалалық емханада Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы мамандарының, АИТВ-жұқпасын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер эпидемиологы А.Б.Жетібаева, емдеу-профилактикалық бөлімінің инфекционист-дәрігері Г.Т.Байдаулетова емхананың медициналық қызметкерлеріне арналған онлайн-семинар өткізді. Семинардың мақсаты қатысушыларды Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ-инфекциясының таралу деңгейімен таныстыру, АИТВ-инфекциясы бойынша жаңа нормативтік-құқықтық базамен, №4 есептік нысанға сәйкес ЖОФО бойынша 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылдың 9 айында АИТВ-инфекциясына тестілеудің нәтижелерімен және АИТВ-инфекциясының байланыстан кейінгі алдын алу шараларымен таныстыру болды. Онлайн семинарды №9 қалалық емхананың  медицина қызметкерлері-48 адам тыңдады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған