Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Мойынқұм аудандық орталық ауруханасындағы онлайн-семинар

2020 жылдың 7 қазанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары эпидемиолог дәрігерлер С.Ш. Дулатбаева мен И. М. Досымова Мойынқұм АОА медицина қызметкерлеріне онлайн-семинар өткізді. Семинардың мақсаты: Мойынқұм ауданының тұрғындарын АИТВ-инфекциясына тестілеумен қамтуды арттыру, АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алу.
Онлайн-семинарда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологтары ҚР және Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша пациенттерді АИТВ-инфекциясының болуына тексеру, АИТВ-инфекциясын жұқтыру мүмкіндігін көрсететін оппортунистік аурулары бар адамдарды міндетті түрде құпия медициналық тексеруден өткізу мәселелері қарастырылды.
Медициналық процедуралар кезінде пайда болатын төтенше жағдайлардың түрлері егжей-тегжейлі қарастырылды. Төтенше жағдайдың әр түрі үшін тиісті шаралар ұсынылды. Әсіресе, АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтырудың болдырмау мақсатында байланыстан кейінгі профилактиканың уақтылы жүргізілуі ерекше атап өтілді.

Салауатты өмір салты мамандарына АИТВ/ЖИТС алдын-алу жұмыстары туралы, атап айтқанда, халықтың осал топтарымен жұмыс туралы ақпарат ұсынылады.
Онлайн-семинардың қатысушылары АИТВ-инфекциясымен және АИТВ өмір сүретін адамдарды әлеуметтік-құқықтық қорғаумен байланысты заңнамалық негіздермен танысты.

Онлайн-семинарға қатысушылар АИТВ-инфекциясы бойынша және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды әлеуметтік-құқықтық қорғау туралы және нормативтік-құқықтық базамен танысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған