Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Қордай аудандық орталық ауруханасындағы онлайн-семинар

2020 жылғы 9 қазанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы дәрігер-эпидемиолог С.Ш. Дулатбаева Қордай АОА медицина қызметкерлері үшін онлайн-семинар ұйымдастырды және өткізді. Семинардың мақсаты: дәрігерлердің назарын АИТВ жұқтырған науқастарды клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықтауға, АИТВ инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алуға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғауға аудару.
Онлайн-семинарда дәрігер-эпидемиолог Дулатбаева С.Ш. ҚР және Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Маман АИТВ-инфекциясы және оның кезеңдері туралы қысқаша айтты. Медициналық процедуралар кезінде пайда болатын төтенше жағдайлардың түрлері егжей-тегжейлі қарастырылды. Төтенше жағдайдың әр түрі үшін тиісті шаралар ұсынылды. Әсіресе, кәсіби АИТВ инфекциясын болдырмау мақсатында байланыстан кейінгі профилактиканың уақтылы жүргізілуі ерекше атап өтілді.
Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша пациенттерді АИТВ-инфекциясының болуына тексеру, АИТВ-инфекциясын жұқтыру мүмкіндігін көрсететін оппортунистік аурулары бар адамдарды міндетті құпия медициналық тексеру туралы мәселелер қаралды.
Онлайн-семинарға қатысушылар АИТВ-инфекциясына қатысты заңнамалық және нормативтік-құқықтық базамен танысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған