Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасындағы семинар (ОБЖАА)

12 қазан 2018 жылы Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы дәрігер эпидемиолог Дулатбаева С.Ш. облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинар мақсаты- аурудың ерте сатысында АИТВ жұқтырған науқастарды белсенді анықтау, АИТВ инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алу, АИТВ өмір сүретін адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғау.
Дәрігер-эпидемиолог Дулатбаева С.Ш. Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысындағы АИТВ індетін жұқтырудың эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды. Семинар барысында ҚР ДС және ӘД министрлігінің 2015 жылғы 23 маусымның №508 «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша АИТВ тексеру үшін міндетті құпия медициналық сараптама ережесін бекіту туралы» №3 бұйрығына сәйкес пациенттерді тексеру мәселелері қаралды. АИТВ инфекциясын жұқтыру мүмкіндігін көрсететін оппортунистік аурулары бар адамдарды міндетті құпия медициналық тексеруге ерекше назар аударылды.
Медициналық амалдарды жүргізу барысында туындауы мүмкін авариялық жағдайлардың үлгілері егжей-тегжейлі қарастырылды. Авариялық жағдайдың әрбір түрі үшін тиісті іс-шаралар ұсынылды.
АИТВ індетін жұқтырудың алдын алу шараларын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. АИТВ індетінің қаупімен байланысты төтенше жағдайлар модельдерін қарауға ерекше көңіл бөлінді. Кәсіптік АИТВ жұқпасын болдырмау үшін, байланыстан кейінгі алдын алу, жазатайым оқиғалар болған жағдайда жарақаттарды журналда тіркеу, кейіннен облыстық ЖИТС орталығының мамандарының кеңесін алу, қажет болған жағдайда антиретровирустық терапияны жүргізуге тыңдаушылардың назары аударылды.
Семинарда қолданыстағы заңнамаға сәйкес дәрігерлердің заңды жауапкершілігі, дәрігерлік құпиясын сақтау туралы мәселелері қозғалды. Аурухананың медицина қызметкерлері АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық базасымен танысты.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған