
Байзақ ауданы, Көктал ауылы, Көктал орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева, психолог маманы А. Талапбек және Байзақ аудандық орталық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру мейірбикесі А. Айтбаева АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар еліміздегі және өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталып, инфекцияның берілу жолдары мен одан сақтану шараларын жан-жақты түсіндірді.
Кездесу аясында АИТВ тақырыбында арнайы бейнеролик көрсетілді.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Шара соңында қатысушыларға танымдық ойын ұйымдастырылып, ақпараттық жадынамалар таратылды.