
№6 қалалық емханада медицина қызметкерлеріне арналған бейресми оқыту семинары ұйымдастырылды. Тақырыбы – ВИЧ-пен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма және кемсітушілікті алдын алу.
Оқытуды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Д.Абдраманова жүргізді.
Семинар барысында қатысушылар:
– стереотип пен алдын ала қалыптасқан көзқарастардың қалай пайда болатынын
– стигманың ашық және жасырын түрлерін
– кемсітушілік деңгейлері мен себептерін
– медициналық мекемелердегі стигманың пациенттерге қалай әсер ететінін
– нақты жағдайлар арқылы оның салдарын
– және ең бастысы – құрметке негізделген, қауіпсіз әрі құпиялылық сақталатын орта қалыптастыру жолдарын талқылады.
Бейресми оқыту арқылы мамандар тәжірибе алмасып, кәсіби дағдыларын жетілдірді.