
Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психологы Г. Шамурзаева мектеп ұжымына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесуде АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары туралы қысқаша мәлімет берілді. Сондай-ақ, ЖЖБИ және В, С вирусты гепатиттерінің алдын алу жолдары түсіндірілді.
Іс-шара аясында мектептің медициналық кабинетінде ИФТ әдісімен ерікті әрі құпия түрде тегін тексеру ұйымдастырылды.
Мұндай шара қызметкерлерді қамтып, АИТВ-ға уақтылы тексерілудің маңыздылығын арттыруға ықпал етті.