
Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінің жоғары сынып оқушыларына ЖИТС орталығының психолог маманы А.Талапбек және Байзақ аудандық орталық емханасының Жастар денсаулық орталығының психолог маманы А.Смагулова, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру мейірбекесі А.Айтбаева АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар еліміздегі және өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталып, инфекцияның берілу жолдары мен одан сақтану шараларын жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар, гинеколог дәрігер М.Қожахмет «Қыз баланың өсіп-жетілуі мен репродуктивті денсаулығы», «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Жеке бас гигиенасы», «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыптарында маңызды ақпараттармен бөлісті.
Іс-шара барысында жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, аурулардың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен талқыланды.
Кездесу аясында АИТВ тақырыбында арнайы бейнеролик көрсетілді.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар а