Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«SAMGAU» компаниясында профилактикалық ақпараттық кездесу өтті

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы «SAMGAU» жарнамалық-өндірістік компаниясының қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар АИТВ-инфекциясының алдын алу жолдары, жұғу және жұқпау жолдары, дер кезінде тексерілудің маңыздылығы, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелері жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріліп, тақырыпқа қатысты пайдалы кеңестер ұсынылды.
Іс-шара аясында қатысушыларға ақпараттық бүктемелер таратылып, АИТВ-инфекциясының алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.