
Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы Жамбыл даңғылы бойында орналасқан халық көп шоғырланатын орындарда, жастарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындар мен жастарға АИТВ-инфекциясының алдын алу жолдары, тестілеуден уақытылы өтудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттілігі туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, қала тұрғындары 2026 жылғы 6 маусым күні Жеңіс паркінде өтетін «Өз мәртебеңді біл – жақындарыңды қорға!» атты кең көлемді ақпараттық-профилактикалық акцияға қатысуға шақырылды.
Акцияға шақыру қағаздары мен АИТВ тақырыбындағы ақпараттық бүктемелер таратылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.