Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

БҮГІН «КЕМСІТУГЕ НӨЛ» КҮНІ

«Кемсітушілік – адам құқықтарының бұзылуы және оны елемеуге болмайды. Әр адам өз өмірін құрметпен және абыроймен өткізе білуі керек». БҰҰ 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мун «Кемсіту нөл» күні немесе кемсітушілікке қарсы күрес күні 2014 жылдан бері БҰҰ шешімімен жыл сайын 1 наурызда атап өтіледі. Кемсітушілікке қарсы күрес күнін белгілеудің бастамашысы ЮНЭЙДС – БҰҰ  АИТВ/ЖИТС бойынша бағдарламасының басшысы болды. Дискриминация (латын тілінен аударғанда Discriminatio – бөлу) – «ұнтақтау». Қазіргі ұғымда бұл сөз адам құқықтарының әртүрлі негіздер бойынша (әлеуметтік, діни, нәсілдік, ұлттық, гендерлік, т.б.) шектелуін білдіру үшін қолданылады және әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін. Мұны қазіргі заманғы мемлекеттердің барлығы бастан өткерген тарихи тәжірибе дәлелдейді. Олардың градациясы әділетсіз қарым-қатынастан бастап қорлау мен мемлекеттік деңгейде құқықтарды шектеуге дейін.