Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

ЖДО облыстық семинары

2024 жылғы 29 ақпанда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары (алдын алу және қоғаммен байланыс, эпидемиологиялық қадағалау, диспансерлік бөлімшелер) АИТВ  алдын алу бойынша жауапты медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ облыстың жастар денсаулық орталықтарының қызметкерлерінің қатысуымен облыстық семинар өткізді. Семинардың тақырыбы аймақтағы эпидемиологиялық ахуал, халықтың әртүрлі санаттарындағы АИТВ тестілеу көрсеткіштері, клиникалық көріністер, Қолданыстағы НҚА, жастардың АИТВ скринингі тұрғысынан емхана қызметкерлерінің функционалдық міндеттері болды. Қатысушыларға ақпараттық және білім беру материалдары брошюралар мен плакаттар түрінде таратылды.