
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы Г. Шамурзаева Тараз қаласының Жастар ресурстық орталығында жастарға арналған ақпараттық кездесу өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға қазақ және орыс тілдерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында маман Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының қазіргі эпидемиологиялық жағдайы туралы айтып, өңірде жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары мен тұрақты ақпараттық жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, АИТВ инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан толық жауаптар алды.