Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жастар арасында кездесу өтті

Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары үшін ақпараттық-профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мейіргері Р. Қуанышбеков қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу тәсілдері, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) туралы мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар қауіпсіз мінез-құлық пен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Оқушылар белсенділік танытып, сұрақ-жауап кезеңінде өз ойларымен бөлісіп, маманнан нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.