
Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасында «Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ-ға тестілеу ережелері. АИТВ инфекциясының және кәсіби жұқтырудың алдын алу. Апаттық жағдайлар. АИТВ инфекциясын кеш анықтау» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – медицина қызметкерлерін АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелерімен таныстыру.
Іс-шара барысында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Н.Бердіш және емдеу алдын алу бөлімінің инфекционист дәрігері Г. Байдаулетова Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық ахуалға тоқталды. Сонымен қатар, АИТВ жұғу жолдары, жас ерекшеліктері, гендерлік және әлеуметтік құрылымы туралы мәліметтер ұсынылды.
Семинар аясында:
✔ АИТВ-ға тексерілуге жататын халық топтары;
✔ АИТВ инфекциясын кеш анықтаудың алдын алу жолдары;
✔ Тестілеуге клиникалық көрсеткіштер;
✔ 2026 жылға арналған тестілеумен қамту көрсеткіші (кемінде 18%)
✔ 2025 жылға арналған №2 есеп беру нысаны.
✔ Апаттық жағдайлар кезіндегі іс-әрекет алгоритмі және кәсіби жұқтырудың алдын алу шаралары қарастырылды
Атап өтілгендей, 2025 жылы Т.Рысқұлов ауданында халықты АИТВ-ға тестілеумен қамту деңгейі төмен (9,2%) екені анықталды.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді