Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№68 мектеп-гимназиясында АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс оқылды

Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психологы Г. Шамурзаева №68 мектеп-гимназиясының ұжымымен арнайы ақпараттық кездесу ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты – педагогтар мен қызметкерлер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бағытындағы білім деңгейін арттырып, денсаулыққа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында маман АИТВ инфекциясының таралу ерекшеліктері, оның алдын алу жолдары және ерте диагностиканың маңызы жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен В, С вирусты гепатиттерінің адам денсаулығына әсері түсіндіріліп, олардан қорғану тәсілдері туралы айтылды.
Іс-шара кезінде қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті кеңестер алды. Әсіресе, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын сақтау, тұрақты медициналық бақылаудан өту және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен сөз болды.
Кездесу аясында мектептің медициналық кабинетінде ИФТ әдісі арқылы ерікті және құпия түрде тегін тексеру ұйымдастырылып, қатысушыларға профилактикалық кеңес беру жұмыстары жүргізілді.