
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы А. Талапбек Тараз Cервис және Технология колледжінің студенттеріне АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстандағы және Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы мәлімет беріліп, өңірде жүзеге асырылып жатқан профилактикалық шаралардың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, дәріс кезінде АИТВ инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және өзге де жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары кеңінен айтылды. Мамандар қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын сақтау, жеке денсаулыққа жауапкершілікпен қарау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан кәсіби әрі жан-жақты жауаптар алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру, АИТВ инфекциясының алдын алу және қоғамдағы стигма мен кемсітушіліктің деңгейін төмендету.