2020 жылдың 27 қазанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша семинар өткізді. Дәрігер-эпидемиолог С.А.Сейітжан семинарға қатысушыларды АИТВ-инфекциясы бойынша ҚР және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды, АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларының өсу қарқыны, механизмдері, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және жұқтыру қауіптері бойынша деректер ұсынылды. Медицина қызметкерлері АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық базамен танысты. Дәрігер эпидемиолог А.С. Цзи медициналық қызметкерлердің АИТВ туралы білімдерін айқындайтын тестілеу өткізді. Семинар жеке қорғаныс құралдарын пайдалану және әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы өткізілді.
Жаңалықтар
АИТВ туралы радио хабар
2020 жылдың 23 қазанында Жамбыл-Тараз өңірлік радиоарнасында «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында бағдарлама өткізілді. Бағдарлама тақырыбы жалпы халыққа бағытталған, Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Цзи Александр тұрғындар жиі қоятын сұрақтарға жауап берді. Мысалы, АИТВ тестілеу дегеніміз не, кім көбірек жұқтырады — ерлер немесе әйелдер, не себептен және т. б. Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес науқанын өткізу қарсаңында орталықтың мамандары халықтың АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру үшін ақпаратты тек радиодан ғана емес, өңірдің баспа басылымдарынан да ұсынады.
Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында өткен онлайн семинар
2020 жылдың 21 қазанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Байзақ ауданына барып, тұрғындар арасында АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша консультативтік-әдістемелік көмек көрсетті. Дәрігер эпидемиолог Дулатбаева Сара аудандық аурухана мен емхананың медицина қызметкерлеріне клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша халықтың АИТВ инфекциясына скринингі, кәсіби міндеттерді көрсету кезінде АИТВ жұқтырудың алдын алу, ҚР мен Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Орталық эпидемиолог дәрігері Александр Цзи медицина қызметкерлерін АИТВ білуіне тестілеуден өткізді, скрининг, отбасын жоспарлау кабинеттерінің мамандарына, наркологқа, дерматологқа АИТВ-ның алдын алу бойынша халыққа консультация беру туралы кеңес берді, электрондық тасымалдағышта БМСК жағдайында АИТВ-ның алдын алу туралы презентациясын ұсынды.
Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында өткен онлайн семинар
2020 жылғы 16 қазанда Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы мамандары АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиологы А.Б.Жетібаева, емдеу-алдын алу бөлімінің инфекционист дәрігері Г.Т.Байдәулетова аурухананың медицина қызметкерлері үшін онлайн семинар өткізді. Семинардың мақсаты қатысушыларды Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ-инфекциясының таралу деңгейімен таныстыру, АИТВ-инфекциясы бойынша жаңа нормативтік-құқықтық базамен, №4 есептік нысанға сәйкес ЖОФО бойынша 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылдың 9 айында АИТВ-инфекциясына тестілеудің нәтижелерімен және АИТВ-инфекциясының байланыстан кейінгі профилактикасымен таныстыру болды. Онлайн семинарды Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының 22 медицина қызметкерлері тыңдады.
№ 9 қалалық емханадағы онлайн семинар
2020 жылдың 19 қазанында No9 қалалық емханада Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы мамандарының, АИТВ-жұқпасын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер эпидемиологы А.Б.Жетібаева, емдеу-профилактикалық бөлімінің инфекционист-дәрігері Г.Т.Байдаулетова емхананың медициналық қызметкерлеріне арналған онлайн-семинар өткізді. Семинардың мақсаты қатысушыларды Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ-инфекциясының таралу деңгейімен таныстыру, АИТВ-инфекциясы бойынша жаңа нормативтік-құқықтық базамен, №4 есептік нысанға сәйкес ЖОФО бойынша 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылдың 9 айында АИТВ-инфекциясына тестілеудің нәтижелерімен және АИТВ-инфекциясының байланыстан кейінгі алдын алу шараларымен таныстыру болды. Онлайн семинарды №9 қалалық емхананың медицина қызметкерлері-48 адам тыңдады.
Жамбыл ауданына мониторингтік сапар
2020 жылғы 13 қазанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Жамбыл ауданына АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында мониторингтік сапар өткізді. Сапар барысында инфекционист дәрігер Токбураева Сауле босандыру қызметінің мамандарын АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алуға, сондай-ақ осы аумақта тұратын АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды (АӨСА) диспансерлеуге үйретті. Дәрігер эпидемиолог Когай Виктор халықты клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру, байланыстан кейінгі алдын алу (кәсіби міндеттерді орындау кезінде жұқтыру) туралы хабардар етті. Эпидемиолог дәрігер Индира Досымова тұрғындар арасында БМСК жағдайында алдын алу шараларын жүргізу бойынша скрининг, нарколог, дерматовенеролог, СӨС кабинеттерінің мамандарына кеңес берді. Медицина қызметкерлерінің АИТВ-ны білуіне тестілеу өткізілді. Халыққа арналған стендтерді безендіру бойынша плакаттар, буклеттер таратылды.
Мойынқұм аудандық орталық ауруханасындағы онлайн-семинар
2020 жылдың 7 қазанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары эпидемиолог дәрігерлер С.Ш. Дулатбаева мен И. М. Досымова Мойынқұм АОА медицина қызметкерлеріне онлайн-семинар өткізді. Семинардың мақсаты: Мойынқұм ауданының тұрғындарын АИТВ-инфекциясына тестілеумен қамтуды арттыру, АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алу.
Онлайн-семинарда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологтары ҚР және Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша пациенттерді АИТВ-инфекциясының болуына тексеру, АИТВ-инфекциясын жұқтыру мүмкіндігін көрсететін оппортунистік аурулары бар адамдарды міндетті түрде құпия медициналық тексеруден өткізу мәселелері қарастырылды.
Медициналық процедуралар кезінде пайда болатын төтенше жағдайлардың түрлері егжей-тегжейлі қарастырылды. Төтенше жағдайдың әр түрі үшін тиісті шаралар ұсынылды. Әсіресе, АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтырудың болдырмау мақсатында байланыстан кейінгі профилактиканың уақтылы жүргізілуі ерекше атап өтілді.
Салауатты өмір салты мамандарына АИТВ/ЖИТС алдын-алу жұмыстары туралы, атап айтқанда, халықтың осал топтарымен жұмыс туралы ақпарат ұсынылады.
Онлайн-семинардың қатысушылары АИТВ-инфекциясымен және АИТВ өмір сүретін адамдарды әлеуметтік-құқықтық қорғаумен байланысты заңнамалық негіздермен танысты.
Онлайн-семинарға қатысушылар АИТВ-инфекциясы бойынша және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды әлеуметтік-құқықтық қорғау туралы және нормативтік-құқықтық базамен танысты.
Қордай аудандық орталық ауруханасындағы онлайн-семинар
2020 жылғы 9 қазанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы дәрігер-эпидемиолог С.Ш. Дулатбаева Қордай АОА медицина қызметкерлері үшін онлайн-семинар ұйымдастырды және өткізді. Семинардың мақсаты: дәрігерлердің назарын АИТВ жұқтырған науқастарды клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықтауға, АИТВ инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алуға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғауға аудару.
Онлайн-семинарда дәрігер-эпидемиолог Дулатбаева С.Ш. ҚР және Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Маман АИТВ-инфекциясы және оның кезеңдері туралы қысқаша айтты. Медициналық процедуралар кезінде пайда болатын төтенше жағдайлардың түрлері егжей-тегжейлі қарастырылды. Төтенше жағдайдың әр түрі үшін тиісті шаралар ұсынылды. Әсіресе, кәсіби АИТВ инфекциясын болдырмау мақсатында байланыстан кейінгі профилактиканың уақтылы жүргізілуі ерекше атап өтілді.
Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша пациенттерді АИТВ-инфекциясының болуына тексеру, АИТВ-инфекциясын жұқтыру мүмкіндігін көрсететін оппортунистік аурулары бар адамдарды міндетті құпия медициналық тексеру туралы мәселелер қаралды.
Онлайн-семинарға қатысушылар АИТВ-инфекциясына қатысты заңнамалық және нормативтік-құқықтық базамен танысты.
Халықаралық психикалық денсаулық күніне арналған онлайн дәріс
09 қазан Халықаралық психикалық денсаулық күніне орай Тараз қаласындағы No 50 орта мектепте 2020-2021 оқу жылдарына бекітілген бірлескен жоспарға сәйкес онлайн-дәріс өткізілді. Директордың құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Малимбетова Гүлмира мектеп материалын игеру барысында да, қоғамдағы өмірде де мектеп оқушыларының психикалық денсаулығының маңыздылығы туралы айтты. Ол үшін тәрбиешілер мен денсаулық сақтау мамандарының АИТВ және ЖИТС сияқты әлеуметтік қаупті аурулар туралы ақпарат беруі маңызды. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының педагогы Жакенова Рахима психотроптық заттарды, алкогольді ішуден, жыныстық өмірдің ерте басталуынан АИТВ жұқтырудың факторы ретінде қауіптенетінін айтты. Есірткіні, әсіресе инъекциялық есірткіні қолдану АИТВ инфекциясына әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар жасөспірімдердің психикасын бұзады. Семинарға мектептің мұғалімдері, психологтары және әлеуметтанушылары қатысты.
АИТВ туралы мұғалімдерге арналған онлайн дәріс
2020 жылдың 8 қазанында облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен педагогтарға арналған «Мектеп жағдайында АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында онлайн дәріс өткізілді. Әдіскер Келдебаева Гүлзат өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануының, АИТВ-инфекциясы алдында жауапты мінез-құлықты қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының педагогы Жакенова Рахима АИТВ-инфекциясының алдын алуда педагогтар мен ата-аналардың рөлінің әсері туралы хабардар етті. Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы қысқаша айтып өтті.