Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ туралы білу маңызды

2019 жылдың 4 мамырында Жамбыл облысының төтенше жағдай департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі » Мемлекеттік басқармасында «АИТВ таралу жолдары және алдын алу шаралары» тақырыбында дәріс өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығының дәріскерлері, эпидемиологтар Аушенова Қызжібек және Мамедова Турана Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ және ЖИТС туралы түсінік берді. АИТВ берілу жолдары, алдын алу шаралары, тестілеу түрлері және емдеу қағидалары, стигма және кемсітушілік туралы айтып берді. Тыңдаушылар сау адамдарды АИТВ әдейі немесе байқамай жұқтырған адамдардың қылмыстық жауаптылығы, симптомдары, донорлық қан құю кезінде жұқтыру қаупі туралы сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Облыстық ЖИТС орталығының дәріскері  Қ. Аушенова.

Тыңдаушылар.

 

Байзақ ауданының педагогтарын жасөспірімдер арасында АИТВ алдын алуға оқыту.

АИТВ алдын алу бойынша жасөспірімдер арасында іс-шаралар өткізу мақсатында Байзақ ауданының педагогтары мен психологтарына арналған «Мектеп жағдайында АИТВ алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар қатысушыларына АИТВ жұқпасының алдын алу, таралу жолдары және алдын алу шаралары туралы негізгі білім берілді, сонымен қатар ҚР мен Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай, стигма және дискриминация туралы қысқаша шолу жасалды. «Миға шабуыл» тренинг және «Даулы тұжырымдар» рөлдік ойын өткізілді. Сонымен қатар, АИТВ туралы білімдерін айқындайтын сауалнама жүргізілді. Қатысушылар бірлескен оқыту семинарларын өткізудің маңыздылығын атап өтті, себебі мұндай шаралар тәжірибе береді және оқушылар арасында іс-шараларды өткізу сапасын жақсартады деген сенімде.

ШЖК МКК №7 қалалық емханасы

2019 жылы 23 мамырда ШЖК МКК №7 қалалық емханасында
Облыстық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері Ахметова Г.Т., емдеу алдын алу бөлімінің дәрігері Сметова К.Е., алдын алу бөлімінің дәрігері Акшенова К.Б. осы емхананың медициналық қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинардың мақсаты қатысушыларды Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысында АИТВ жұқпасының таралу деңгейімен, АИТВ жұқпасы бойынша жаңа нормативтік-құқықтық базасымен, АИТВ инфекциясына жататын контингенттерді тестілеу және кәсіби жұқтырудың алдын алу ережелерімен таныстыру.
Эпидемиолог дәрігер Ахметова Г.Т. 2018 жылға ҚР және Жамбыл облысы бойынша АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты ұсынды және АИТВ инфекциясы мен ЖИТС бойынша негізгі НҚА таныстырды. АИТВ жұқпасын жоғары жұқтыру қаупі бар топтағы медицина қызметкерлерінің АИТВ тексерілуі бойынша енгізілген өзгерістер қаралды. Инфекционист дәрігер Сметова К.Е. АИТВ және ЖИТС бойынша НҚА негіздерімен ҚР ДС және ӘД министрлігінің 2015 жылғы 23 маусымның №508 «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша АИТВ тексеру үшін міндетті құпия медициналық сараптама ережесін бекіту туралы » бұйрығына сәйкес науқастарды тексеру шараларымен таныстырды. Жоғары қауіпті топ медицина қызметкерлері арасында АИТВ жұқпасына еселігі бойынша тексеруге енгізілген өзгерістер туралы айтты. АИТВ індетін жұқтырудың алдын алу шараларын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. АИТВ, ВГС, ВГВ жұқтыру қаупімен байланысты төтенше жағдайлардың үлгілері, сондай-ақ медицина қызметкерлердің жұқтыру қаупін бағалау қарастырылған. Медициналық ұйымдардағы іс-шаралар туралы №64 бұйрық бойынша эпидемиолог дәрігер Аушенова К.Б. сөйледі.

 

Облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасындағы семинар (ОБЖАА)

12 қазан 2018 жылы Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы дәрігер эпидемиолог Дулатбаева С.Ш. облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинар мақсаты- аурудың ерте сатысында АИТВ жұқтырған науқастарды белсенді анықтау, АИТВ инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алу, АИТВ өмір сүретін адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғау.
Дәрігер-эпидемиолог Дулатбаева С.Ш. Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысындағы АИТВ індетін жұқтырудың эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды. Семинар барысында ҚР ДС және ӘД министрлігінің 2015 жылғы 23 маусымның №508 «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша АИТВ тексеру үшін міндетті құпия медициналық сараптама ережесін бекіту туралы» №3 бұйрығына сәйкес пациенттерді тексеру мәселелері қаралды. АИТВ инфекциясын жұқтыру мүмкіндігін көрсететін оппортунистік аурулары бар адамдарды міндетті құпия медициналық тексеруге ерекше назар аударылды.
Медициналық амалдарды жүргізу барысында туындауы мүмкін авариялық жағдайлардың үлгілері егжей-тегжейлі қарастырылды. Авариялық жағдайдың әрбір түрі үшін тиісті іс-шаралар ұсынылды.
АИТВ індетін жұқтырудың алдын алу шараларын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. АИТВ індетінің қаупімен байланысты төтенше жағдайлар модельдерін қарауға ерекше көңіл бөлінді. Кәсіптік АИТВ жұқпасын болдырмау үшін, байланыстан кейінгі алдын алу, жазатайым оқиғалар болған жағдайда жарақаттарды журналда тіркеу, кейіннен облыстық ЖИТС орталығының мамандарының кеңесін алу, қажет болған жағдайда антиретровирустық терапияны жүргізуге тыңдаушылардың назары аударылды.
Семинарда қолданыстағы заңнамаға сәйкес дәрігерлердің заңды жауапкершілігі, дәрігерлік құпиясын сақтау туралы мәселелері қозғалды. Аурухананың медицина қызметкерлері АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық базасымен танысты.

 

«Өмір сүру үшін есте сақтаймыз!» тақырып бойынша теледидар бағдарламасы

Халықаралық ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күні қарсаңында мамыр айының 3-ші жексенбісінде JAMBYL облыс орталығының маманы Жакенова Рахима «Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!» тақырыбындағы телебағдарламаға қатысты. «Денсаулық» айдарында берілген 20 минуттық бағдарлама «Сұрақ-жауап» нысанында өтті.
Сілтеме:http://taraztv.kz/kz/archive/programs_social/densaulyq/956722

Өмір сүру үшін есте сақтаймыз!

2019 жылы 17 мамырда ІІМ №5513 әскери бөлімінде «Өмір сүру үшін есте сақтаймыз» тақырыбында кездесу өтті. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі эпидемиолог дәрігері Садыбекова Ғалия ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күні туралы, әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы қысқаша әңгімеледі. АИТВ берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы тақырыптарды табысты игеру үшін «Тәуекел шкаласы » жүргізілді, оның барысында әр түрлі жағдайларда жұқтыру қаупін бағалай алады. Сондай-ақ, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларының (ЖЖБИ), стигма және кемсітушілік, нашақорлық, тері аурулары мәселелері талқыланды. АИТВ туралы білімдерін айқындайтын сауалнама жүргізілді, ерікті түрде АИТВ тестілеуден 27 адам өтті.

ЖШС «Оптимед» көз хирургиясы орталығы

 

2019 жылдың 17 мамырында ЖШС «Оптимед» көз хирургиясы орталығында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Калметова Г.А., эпидемиолог дәрігер Ахметова Г.Т. орталықтың медицина қызметкерлері үшін семинар өткізді. Семинардың мақсаты – қатысушыларды Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында жұқпалы аурулардың таралуымен, қатысушыларды АИТВ тестілеу және кәсіптік инфекциялардың алдын алуы бойынша АИТВ жаңа нормативтік-құқықтық базасымен таныстыру.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Калметова Г.А.
2018 жылға ҚР және Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды.
Эпидемиолог-дәрігер Ахметова Г.Т. АИТВ және ЖИТС бойынша НҚА негіздерімен ҚР ДС және ӘД министрлігінің 2015 жылғы 23 маусымның №508 «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша АИТВ тексеру үшін міндетті құпия медициналық сараптама ережесін бекіту туралы » бұйрығына сәйкес науқастарды тексеру шараларымен таныстырды. Жоғары қауіпті топ медицина қызметкерлері арасында АИТВ жұқпасына еселігі бойынша тексеруге енгізілген өзгерістер туралы айтты. АИТВ індетін жұқтырудың алдын алу шараларын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. АИТВ, ВГС, ВГВ жұқтыру қаупімен байланысты төтенше жағдайлардың үлгілері, сондай-ақ медицина қызметкерлердің жұқтыру қаупін бағалау қарастырылған.

Әскери қызметшілерге АИТВ туралы

17 мамыр күні 10216 әскери бөлімінде әскери қызметшілермен Халықаралық ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай, «Өмір сүру үшін есте сақтаймыз» тақырыбына кездесу өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығының (ОЖИТСО) алдын алу бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Ғалия жыл сайын мамыр айының 3-ші жексенбісінде бүкіл әлемде ЖИТС қайтыс болғандарды еске алу күні өтетінін айтты. ЖИТС – әлемдегі мәселелердің бірі. Халықаралық ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күні – бұл өмірден озған адамдарды еске алатын, біздің махаббатымыз бен қамқорлығымыз тірі адамдарға қажет екенін ұғындыратын күн. Бұл күн ЖИТС барлығына әсер етуі мүмкін екендігі туралы ойландырады. Сонымен қатар, салауатты өмір салтына, адами құндылықтарды растауға және есірткі қолдану, ретсіз жыныстық қатынастан бас тартуға, зорлық-зомбылық пен маскүнемдікке қарсы тұруға талпындырады. Тек педагогтар, медициналық қызметкерлер мен ата-аналардың бірлескен күш-жігері арқылы ғана жасөспірімдердің АИТВ алдын алу шаралары бойынша білімін арттыруға қол жеткізуге болады.

 

Жамбыл облысының 8-11 сынып оқушыларына арналған онлайн дәріс

17 мамыр күні Жамбыл облысы әкімдігінің Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз орталығында Халықаралық ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай, «Өмір сүруге есте сақтаймыз» тақырыбында онлайн дәріс өткізілді. Қосымша білім беру және тәрбиелеу бөлімінің басшысы Дарибаева Гүлзира, АИТВ өзектілігіне байланысты, жасөспірімдердің денсаулығын әр түрлі аурулардан қорғау мақсатында осындай шаралар үнемі өткізіліп тұратынын айтты. Облыстық ЖИТС орталығының педагогы Жакенова Рахима жыл сайын мамыр айының 3-ші жексенбісінде бүкіл әлемде ЖИТС қайтыс болғандарды еске алу күні өтетінін айтты. ЖИТС – әлемдегі мәселелердің бірі. Халықаралық ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күні – бұл өмірден озған адамдарды еске алатын, біздің махаббатымыз бен қамқорлығымыз тірі адамдарға қажет екенін ұғындыратын күн. Бұл күн ЖИТС барлығына әсер етуі мүмкін екендігі туралы ойландырады. Сонымен қатар, салауатты өмір салтына, адами құндылықтарды растауға және есірткі қолдану, ретсіз жыныстық қатынастан бас тартуға, зорлық-зомбылық пен маскүнемдікке қарсы тұруға талпындырады. Тек педагогтар, медициналық қызметкерлер мен ата-аналардың бірлескен күш-жігері арқылы ғана жасөспірімдердің АИТВ алдын алу шаралары бойынша білімін арттыруға қол жеткізуге болады.

Онлайн дәріске 392 орта мектебі, 784 педагог, психолог, 450 маман облыстан қатысты.

Халыққа АИТВ туралы

2019 жылдың 17 мамырында Тараз қаласының базарында облыстық ЖИТС орталығының мамандары халық арасында АИТВ жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күніне орайластырылды. Жиналғандар ЖИТС орталығының мамандарын мұқият тыңдап, сұрақтар қойды. Жас ұрпаққа АИТВ туралы көбірек әңгімелеуін, ғаламтор және әлеуметтік желілерді қолдануын тілек білдірді. Барлық тыңдаушыларға буклеттер, еске алу күнінің символы қызыл атлас таспалар таратылды.