Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№ 9 қалалық емханаға мониторингтік сапар

ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу облыстық орталығының эпидемиолог-дәрігері А. С. ЦЗИ АИТВ-жұқпасының 90/90/90 стратегиясымен, ҚР және Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды. Ағымдағы жылдың 6 айында АИТВ-ға тестілеу бойынша № 4 нысаны, № 9 ҚЕ жұмысы ұсынылған. Тыңдаушылардың назарын АИТВ, В және С вирусты гепатиттерінің жұқтыру қаупімен байланысты апаттық жағдайлардың модельдеріне, сондай-ақ олар туындаған кезде шұғыл көмек көрсетуге аударды.

ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің эпидемиолог-дәрігері Қ. Б. Аушенова тұрғындар мен жастарға АИТВ білуіне сауалнама жүргізу, БАҚ және әлеуметтік желілердегі жұмысты жандандыру туралы айтты.

Сөз соңында семинарға қатысушыларының сұрақтарына жауаптар берілді.

Қамту- № 9 қалалық емхананың 25 медицина қызметкері

Меркі ауданындағы семинар

АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша халықтың хабардар болуын арттыру үшін Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының негізгі міндеттерінің бірі облыс медициналық қызметкерлерін оқыту деп санайды. 22.08.2019 ж. облыстық ЖИТС орталығының мамандарымен Меркі ауданында «БМСК жағдайында халық арасында АИТВ/ЖИТС алдын алу және психоәлеуметтік кеңес беру негіздері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға аудандық аурухананың дәрігерлері, фельдшерлері, медбикелері, халықпен қарым-қатынас жасайтын, АИТВ/ЖИТС туралы ақпарат бере алатын мамандар шақырылды. АИТВ біліміне сауалнама жүргізілді.
Сондай-ақ, медициналық процедураларды жүргізу барысында туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың үлгілері егжей-тегжейлі қарастырылды. Төтенше жағдайдың әрбір түрі үшін тиісті іс-шаралар ұсынылды. Тыңдаушылардың назары АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алу мақсатында жүргізілген бақылаудан кейінгі алдын алуды дереу жүргізуге, кейіннен облыстық ЖИТС орталығының мамандарына кеңес бере отырып, төтенше жағдайларды тіркеу журналында жарақаттар жағдайларын есепке алуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда ретровирусқа қарсы терапия жүргізуге баса назар аударылды.

 

Тараз қаласының №2 қалалық ауруханасында өткен семинар

2015 жылдың 23 тамызында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы дәрігер-эпидемиолог С. Ш. Дулатбаева №2 қалалық аурухананың медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Семинардың мақсаты-клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ жұқтырған науқастарды анықтауға, АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алуға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғауға дәрігерлердің назарын күшейту.
Дәрігер-эпидемиолог С. Ш. Дулатбаева ҚР және Жамбыл облысы бойынша АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды. Семинарда «Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдардың АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ және ӘД 23.06.2015 ж. №508 бұйрығына сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша пациенттерді тексеру мәселелері толық қаралды. АИТВ-инфекциясын жұқтыру мүмкіндігін көрсететін оппортунистік аурулары бар адамдарды міндетті құпия медициналық тексеруге ерекше назар аударылды.

Медициналық процедураларды жүргізу барысында туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың үлгілері егжей-тегжейлі қарастырылды. Төтенше жағдайдың әрбір түрі үшін тиісті іс-шаралар ұсынылды. Тыңдаушылардың назары АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алу мақсатында жүргізілген бақылаудан кейінгі алдын алуды дереу жүргізуге, кейіннен ЖИТС ОО мамандарына кеңес бере отырып, төтенше жағдайларды тіркеу журналында жарақаттар жағдайларын есепке алуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда ретровирусқа қарсы терапия жүргізуге баса назар аударылды.

Семинарда дәрігерлік құпияны сақтау, қолданыстағы заңнамаға сәйкес дәрігерлердің заңды жауапкершілігі туралы мәселелер қозғалды. Аурухананың медицина қызметкерлері АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық базамен танысты.

 

«ALMAZ MEDICAL GROUP» қалалық емханасының медицина қызметкерлеріне арналған семинар

2015 жылдың 15 тамызында Жамбыл облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының мамандары «ALMAZ MEDICAL GROUP» қалалық емханасының медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.
Емхана дәрігерлерінің назарына ҚР және Жамбыл облысы бойынша АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берілді. Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ инфекциясының болуына пациенттерді міндетті құпия медициналық тексеруді жүргізу тәртібіне ерекше назар аударылды.
Медициналық процедуралар жүргізу барысында туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың үлгілері егжей-тегжейлі қарастырылды. Төтенше жағдайдың әрбір түрі үшін тиісті іс-шаралар ұсынылды. Тыңдаушылардың назары АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алу мақсатында жүргізілген бақылаудан кейінгі алдын алуды дереу жүргізуге, жарақат алған жағдайда төтенше жағдайларды тіркеу журналына есепке алуға, одан кейін ЖИТС ОО мамандарымен кеңесе отырып, қажет болған жағдайда ретровирусқа қарсы терапия жүргізуге баса назар аударылды.

Медицина қызметкерлеріне арналған семинар

 2019 жылдың 1 тамызында № 8 қалалық емхананың медицина қызметкерлеріне арналған «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, тері аурулары» және «БМСК жағдайында АИТВ-инфекциясы бойынша халыққа медициналық-психоәлеуметтік кеңес беру» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Медицина қызметкерлеріне халыққа кеңес беру үшін базалық білім берілді: Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ берілу жолдары мен факторлары, алдын алу шаралары, стигма және кемсітушілік. Сондай-ақ АИТВ жұқтыру факторларының бірі ретінде жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы ақпарат берілді. «Тәуекел шкаласы», «Миға шабуыл» практикалық сабақтар өткізілді. Семинар-тренинг қатысушылардың АИТВ туралы білімдерін айқындайтын сауалнама жүргізілді.

№5 ҚЕ ШЖК МКК өткен семинар

2019 жылдың 11 шілдесінде Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары: АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері И.И.Дегтерева және алдын алу бөлімінің дәрігері К.Б.Аушенова Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысында АИТВ-инфекциясының таралу деңгейімен таныстыру, АИТВ-жұқпасының жаңа нормативтік-құқықтық базасымен, АИТВ-инфекциясына жататын контингенттерді тестілеу және кәсіби жұқтырудың алдын алу ережелерімен таныстыру мақсатында №5 ҚЕ ШЖК МКК медициналық қызметкерлеріне арнап семинар өткізді.
Эпидемиолог дәрігері  И.И.Дегтерева ҚР және Жамбыл облысы бойынша 2018-2019 жылдардағы АИТВ-жұқпалары бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат беріп, АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС бойынша негізгі НҚА таныстырды. Жұқтыру қаупі жоғары топтағы медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясына тексерілу жиілігі бойынша енгізілген өзгерістер қаралды. № 64 бұйрық бойынша медициналық ұйымдардағы іс-шаралар туралы эпидемиолог дәрігер  К.Б.Аушенова сөз сөйледі.

 

Халық арасында АИТВ алдын алуда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің рөлі

Бүгінгі күні бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК), яғни АИТВ инфекциясының алдын алу емханалық қызметі мекемесінің рөлі өте зор. АИТВ тестілеуді және оның қолжетімділігін кеңінен тарату, тестілеу, берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастапқы медициналық-санитарлық көмек мамандары сәтті жүргізеді. Негізгі мақсат – АҚТҚ-ны ерте анықтау, ЖИТС кезеңіне жол бермеуге, өмірін ұзартуға және оның сапасын жақсартуға, сау балалардың туылуын және олардың болашағын жоспарлауға мүмкіндік беретін дер кезінде емдеуге мүмкіндік береді. Медициналық қызметкерлерді кеңес беру негіздеріне оқыту «Қауіп шкаласы», «Даулы тұжырымдар» тренингтері түрінде өткізілді. ЖИТС алдын алу жөніндегі мамандар: Садыбекова Ғалия, Мамедова Тұрана, Айшенова Қыз-Жібек қатысушыларды Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында эпидемиологиялық жағдай, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), тері аурулары, стигма мен кемсітушілік туралы хабардар етті. Қатысушылар АИТВ білу үшін сауалнама жүргізді. Тренинг 13 күннің ішінде Байзақ ауданының 40 медициналық-санитарлық көмек қызметінің (КПД, СВА, ФАП, МП) медицина қызметкерлерімен жүргізілді.

№6 қалалық емхананың медицина қызметкерлері үшін семинар өткізу.

   2019 жылдың 11 маусымында Тараз Қ. № 6 емханасының медицина қызметкерлері үшін халық арасында АИТВ-инфекциясының, тері ауруларының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша оқыту семинар-тренингі өткізілді. ЖИТС ОО алдын алу бөлімінің мамандары Қазақстан Республикасындағы, Жамбыл облысындағы АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ берілу жолдары және алдын алу шаралары, стигма және кемсітушілік, инъекциялық есірткілердің, психотроптық заттардың, алкогольдің АИТВ жұқтыру факторы ретінде әсері туралы ақпарат берді. «Дала алауы», «Даулы тұжырымдар» тренингтері өткізілді. АИТВ білуіне қатысушыларға сауалнама жүргізілді. Тұрғындарға, жастарға бағытталған буклеттер мен ЖИТС ОО әзірлеген және шығарған емхана стенділерін ресімдеуге арналған плакаттар таратылды.

 

  Қатысушыларды тіркеу

  АИТВ біліміне тестілеу

Емханалық қызметтің медицина қызметкерлеріне АИТВ алдын алу мәселелері бойынша дәріс беру.

2019 жылы 7 маусымда «Жанұя» қалалық емханасында медицина қызметкерлеріне арналған «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, тері аурулары» және «БМСК жағдайында АИТВ инфекциясы бойынша халыққа медициналық психоәлеуметтік кеңес беру» тақырыптары бойынша семинар-тренинг өтті. Медицина қызметкеріне халыққа кеңес беру, Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық ахуал, АИТВ берілу жолдары мен факторлары, алдын алу шаралары, стигма және кемсітушілік шаралары бойынша базалық дәріс берілді. Сондай-ақ, АИТВ жұқтыру факторларының бірі ретінде жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы мәлімет берілді. Практикалық сабақтар, «Қауіп шкаласы», «Миға шабуыл» тренингтері өткізілді. Семинар қатысушыларына АИТВ білуіне сауалнама жүргізілді.

Семинарға қатысушылар: тіс дәрігерлері, ЖТД ,фельдшерлер және т.б.

«Қауіп шкаласы » тренингін өткізу сәті.

АИТВ туралы білу маңызды

2019 жылдың 4 мамырында Жамбыл облысының төтенше жағдай департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі » Мемлекеттік басқармасында «АИТВ таралу жолдары және алдын алу шаралары» тақырыбында дәріс өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығының дәріскерлері, эпидемиологтар Аушенова Қызжібек және Мамедова Турана Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ және ЖИТС туралы түсінік берді. АИТВ берілу жолдары, алдын алу шаралары, тестілеу түрлері және емдеу қағидалары, стигма және кемсітушілік туралы айтып берді. Тыңдаушылар сау адамдарды АИТВ әдейі немесе байқамай жұқтырған адамдардың қылмыстық жауаптылығы, симптомдары, донорлық қан құю кезінде жұқтыру қаупі туралы сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Облыстық ЖИТС орталығының дәріскері  Қ. Аушенова.

Тыңдаушылар.