Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ/ЖИТС туралы жалпы түсінік

2018 жылдың 2-ші қазанында Тараз қаласының №32-ші орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «АИТВ/ЖИТС туралы жалпы түсінік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Оқушылардың АИТВ туралы жалпы түсініктерін тыңдай келе облыстық ЖИТС орталығының маманы Рахима Жакенова АИТВ-ның таралу жолдары және АИТВ/ЖИТС туралы толық мағлұмат берді. Жастар орталығының фтизиатр дәрігері Динара Абуева құрт ауруының берілу жолдары және оның симптомдарына тоқталып өтті. Облыстық ЖИТС орталығының социологі Мереке Бегманова АИТВ-ның алдын алу шаралары туралы сөз қозғады. Сонымен қатар мектеп психологі Динара Байбосынова ЖИТС және туберкулез ауруларының бүгінгі таңдағы өзектілігін атап өтті.

Бизнес құрылымдар арасында ақпараттық жұмыс жүргізу.

Бизнес құрылымдар арасында қоғамдық денсаулық қорғау департаменті және облыстық ЖИТС орталығының бірлескен жұмыстары.

«Заманауи жағдайда бизнесті жүргізуге АИТВ-ның ықпалы» тақырыбында шағын және ірі бизнес басшыларымен Сарысу ауданының қалалық қоғамдық  денсаулық қорғау департаменті және облыстық ЖИТС орталығы мамандарымен дөңгелек үстел өткізілді. ДЭФ тұжырымы бойынша басшылар сауалнама толтырды,  жұмыс орындарында АИТВ жұқтырғандарды кемсіту сұрақтары талқыланды. Тізімге сәйкес аудан кәсіпорындарына шықтық. Көптеген кәсіпорындар жұмыс істемейді немесе Алматы және Астана қалаларында орналасқан компаниялардың филиалы болып есептел

еді. Жұмыс барысында ауданның Атамекен кәсіпкерлер палатасының филиалы  көмек көрсетті.

Талас ауданына іс сапар. 1) АИВТ-ның алдың алу бойынша кеңестік көмек көрсету үшін Талас ауданында облыстық ЖИТС орталығының мамандарымен семинар өткізілді.

Жамбыл облысының Талас ауданына іс-сапармен шыққан облыстық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ/ЖИТС-тың алдың алу және кеңестік-әдістемелік көмек көрсету бойынша іс-шара өткізді.

ОАЕ және ОАА медициналық қызметкерлері үшін мониторинг қорытындысы бойынша семинар өткізілді. Семинардың басты тақырыптары:

90-90-90 стратегиясы, Жамбыл облысында және ҚР-ның эпидемиологиялық ахуалы. №№508,39,246, ҚР-сы ДСМ-нің бұйрықтары, №64 Республикалық ЖИТС орталығының бұйрығы. Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологі Дегтеревой И.  тұрғындардың скринингі туралы сұрақтарды көтерді, тексеру көрсеткіштеріне № 4 стат. есепке тоқталды.

Садыбекова Ғ. №64 бұйрығының есептеріне, жастар және тұрғындар арасында  өткізілетін іс-шараларға тоқталды. Дәрігер инфекционист Сметова Г. диспансерлік ауруларды тексере келе, анадан балаға АИТВ-ның жұғу жолдарының алдың алу туралы баяндады. Сонымен қатар бизнес құрылымдар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ДЭФ жауап алуына бизнес құрылымдардың басшыларын дайындау бойынша жұмыс.

 

20.09.2018 жылы Жамбыл ауданында кәсіпкерлер Палатасы филиалының директоры Садировамен кездесу өткізілді, аталған ауданның белсенді бизнес құрылымдарының тізімі түзелді.

АИБ ДЭФ түсіндіру жұмыстарына ауданның қоғамдық денсаулық қорғау басқармасының маманы Байғазиева Б. белсенді қатысты. Бірлесіп 3 бизнес құрылымдарды араладық, басшыларға сауалнама жүргізілді.

АИТВ ЖИТС-тың алдын алу іс шараларын өткізу бойынша Жамбыл ауданының медицина қызметкерлеріне кеңестік көмек

1)АИТВ ЖИТС-тың алдын алу іс шараларын өткізу бойынша Жамбыл ауданының медицина қызметкерлеріне кеңестік көмек.

Ағымдағы жылдың 8 айлық жұмысының қорытындысы бойынша Жамбыл ауданының аудандық емханалар орталығына және аудандық аурухана орталығының медицина қызметкерлері үшін облыстық ЖИТС орталығының мамандарымен 20.09.2018 жылы семинар өткізілді.

Семинар барысында дәрігер инфекционист Темирбекова Г.  анадан балаға АИТВ инфекциясының берілуінің алдың алу, жолдамаларда кодтың  сақталуын, АИТВ-ға тұрғындардың скринингінің жеткіліксіздігі туралы айтып өтті. Дәрігер эпидемиолог Когай В. №39 бұйрықта аталған госпиталдық эпидемиоогтың міндеттерімен таныстырды.Алдын алу бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Г. №479, 64 бұйрықтары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинеттерінің рөлі туралы, жастар және тұрғындар үшін өткізілетін іс-шаралар  туралы сөз қозғады.

 

Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында АИТВ-ның алдын алу бойынша өткізілген семинар.

Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында АИТВ-ның алдын алу бойынша өткізілген семинар.

АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша облыстық жедел жәрдем станциясының медициналық қызметкерлері үшіноблыстық ЖИТС орталығының мамандары 19.09.2018 жылы семинар өткізді. Семинар аталған мекеменің 19.09.2018 жылғы №102 ішкі бұйрығы негізінде өткізілді. Дәрігер эпидемиолог Дегтерева И.И. өзінің презентациясында 90-90-90 стратегиясы туралы баяндады, Жамбыл облысында және Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат берді.  Кәсіптік қызмет көрсетуде АИТВ-ның берілу жолдары туралы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ғ.Садыбекова ақпарат берді. АИТВ/ЖИТСпен өмір сүретін адамдарға қызмет көрсету бойынша медициналық қызметкерлер жағынан кемсітушілікке жол бермеу ұсынылды. Жүргізілген семинарға дейін және кейін АИТВ біліміне сауалнама жүргізілді.

Жамбыл облысында медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті.

№ 6 қалалық емхананың медицина қызметкерлеріне “Стратегия 90-90-90” тақырыбында 

семинар өткізілді. Баяндаманы Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімшесінің 

меңгерушісі Ғалия Садыбекова және дәрігер-эпидемиолог Ирина Дегтерева жүргізді. 

20-дан астам дәрігер мен медбикелер Ирина Дегтереваның баяндамасынан ҚР мен Жамбыл 

облысындағы АИТВ мен ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай жөнінде хабардар болды. 

Сонымен қатар дәрігер-эпидемиолог кәсіби жұқтырудың алдын алу бойынша, қолданыстағы 

нормативті актілермен жұмыс туралы және басқа да арнайы мәселелерді қолға алу жайында сөз етті. 

Өз кезегінде халық арасында АИТВ-індетінің алдын алу шаралары бойынша Ғалия Садыбекова 

кеңестік-әдістемелік сұхбат жүргізді. Атап айтқанда отбасын құру кабинеті, жүктілер мен жастарға 

арналған СӨС кабинеттері жөнінде тоқталды. Облыстық орталық біздің қызметкерлер үшін жүйелі 

түрде семинарлар өткізіп, жаңа ақпараттар беріп отырады. Жамбыл 

облыстық ЖИТС орталығының мамандары барлық қызықтырушы сауалдарға жауап береді. 

Қордай ауданының орталық ауруханасында өткен семинар

2018 жылдың 2тамыз күні Қордай ауданы орталық ауруханасының мәжіліс залында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы Дулатбаева С.Ш. медицина қызметкерлерінің арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу және АИТВ-жұқтырылған науқастарды сырқаттың ерте кезеңінде белсенді анықтау жолдары бойынша аурухананың медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.  

Дәрігер-эпидемиолог Дулатбаева С.Ш. ҚР мен Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Семинарда ҚР ДСМ 23.06.2015ж. № 508 “Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы” бұйрығына сәйкес науқастарды АИТВ-ның болуына клиникалық көрсетілімдер бойынша зерттеп-қарау мәселелері қаралды. Акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық саланың медицина қызметкерлеріне АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу бойынша ақпараттар берілді. Жүкті әйелдердің АИТВ-ға тест тапсыру қағидалары, АИТВ-жұқтырылған әйелдер мен сәбилерге стационарлық көмекті ұйымдастыру және нәрестелерді емізу мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.

Семинардың мақсаты – медицина қызметкерлерін медициналық ем-шаралар жүргізу кезінде АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларына үйрету болып табылады. Апат жағдайларына баса назар аударылды.

Мекеменің медицина қызметкерлерінің назарына тәжірибеленуші дәрігерлермен науқастарға АИТВ-инфекциясы диагнозының кеш қойылуына әкеп соқтыратын қателіктерден мысалдар келтірілді.

30 тамыз – ҚР Конституциясы күні

2018 жылдың 29 тамыз күні Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында “Ата Заңым – ардағым!” атты салтанатты жиын өткізілді.

 

ҚР Контитуциясы күніне орай Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы қызметкерлері мемлекеттік мерекені жоғары деңгейде атап өтті. Алғы сөз басын бас дәрігер Е.Исмагулов алды:Бүгінде дүниежүзі мойындаған өркенді өнегелеріміз Ата Заңымыздың аясында жүзеге асып келеді. Біз тәуелсіздік арқылы ғасырлық мәні бар орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік. Әлем жұртшылығы алдында мерейіміз артып, абыройымыз асқақтады. Ата Заң арқылы асқар асуларды алған біз бүгінде жаңа кезеңге қадам бастық. Сондықтан біз баянды істеріміздің бастауы болған бас құжатымызды ардақтай білуіміз қажет”, – деді. “Нұр Отан” партиясының төрайымы Жакенова Р.Х. әрбір мәдениетті, білімді халықтың саналы азаматтық деңгейін көрсететін нақты өлшемдердің бірі – халықтың өзіндік құқығы мен заңдарының болуында екенін айшықтап көрсетті. 

 

 

 

№ 5 ҚЕ медицина қызметкерлеріне арналған семинар

АИТВ-ны кәсіби жұқтырудың алдын алу және халықтың тексерілу ережелері білу деңгейін жоғарылату бойынша № 5 ҚЕ-да семинар болып өтті. 

 

Ағымдағы жылдың 28 тамыз күні Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы мен № 5 ҚЕ-мен бірлескен жоспарға сәйкес (негізі 28.08.2018ж. № 363-Ө бұйрығы) емханада медицина қызметкерлеріне арналған “АИТВ-ның алдын алу және тексерілу” тақырыбында семинар өткізілді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының баяндамашылары Дегтерева И.И., Садыбекова Г.У., Темирбекова Г.К.Семинарға қатысушыларға 90-90-90 Стратегиясы жайында ақпарат беріліп, ҚР № 508, 39, 246 бұйрықтарымен таныстырылды. Басты назар АИТВ-ға тексерілу бойынша клиникалық көрсетілімдер мен кәсіби жұқтырудың алдын алуға, халық арасында жүргізілетін алдын алу іс-шараларына аударылды. ҚР мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдайға да тоқталып өтті. Бұл іс-шара халықтың АИТВ-ға скринингінің сапасы мен санын ұлғайтуға, халықпен жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді.