16 мамыр күні қала маңында орналасқан «Ақбұлым» елді мекеніндегі №60 орта мектебінде 8-10 сынып оқушыларымен Халықаралық ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған кездесу өтті.
– Халықаралық ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күні бұл өмірден озған адамдарды еске алатын, біздің махаббатымыз бен қамқорлығымыз тірі адамдарға қажет екенін ұғындыратын күн,- деді
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының (ОЖИТСО) педагогы Жакенова Рахима. Бұл күн ЖИТС індетінің барлығына әсер етуі мүмкін екендігі туралы ойландырады. Сонымен қатар, салауатты өмір салтына, адами құндылықтарды растауға және осындай құбылыстардан бас тартуға, есірткіге, зорлық-зомбылық пен маскүнемдікке қарсы тұруға талпындырады. Аурумен күресуде бірлесе отырып күш салу ғана нәтижелі болады. Адамдырдың одан да көп жұқтыруына жол бермеу үшін барлық мүмкіндіктерді жасау қажет.
Жаңалықтар
ТАРМУ студенттері «Өмір сүру үшін есте сақтаймыз» акциясына қатысты.
15 мамыр күні Халықаралық ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған іс-шаралардың апталық циклі аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде экономика студенттеріне арналған «Өмір сүру үшін есте сақтаймыз» атты акция өтті.
Ұлдар мен қыздар алдында Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының педагогы Рахима Жакенова сөз сөйледі, ол ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу Халықаралық күні туралы айтып, ауруларды алдын алу әдістерімен, АИТВ және ЖИТС ұғымдарымен таныстырды, жастарды салауатты өмір салтына шақырды.
Ашық әңгіме барысында маман балалардың әр түрлі сұрақтарына жауап берді, ал іс-шара соңында ақпараттық материал тапсырып, жедел тестілеу рәсіміне қатысуға шақырды.
– Біз, әрине, бұқаралық ақпарат құралдарынан ЖИТС туралы естиміз, бірақ бұл туралы ЖИТС орталығының маманы айтқан кезде бұл өте сенімді және қызықты, – деді «Экономика және бизнес» факультетінің 1 курс студенті Эльнура Тұрсынбай.
Жедел тестілеу рәсіміне студенттер ғана емес, сонымен қатар ЖОО оқытушылары да қатысты.
– Әр адам өз денсаулығын қадағалауы тиіс. Бүгінгі күн бізге ауру туралы пайдалы ақпарат алумен қатар, АИТВ тест жасау мүмкіндігін берді, – деді жедел тест жасаған, экономикалық факультет деканының орынбасары Сабыржан Қадырбай.
АИТВ тест тапсырғысы келетін студенттер
Тестілеу рәсімі
Жасөспірімдер арасында АИТВ алдын алу
15 мамыр күні № 55 орта мектепте, қала маңында орналасқан Шөлдала елді мекенінде ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай, 9-11 сынып оқушыларымен «Өмір сүру үшін есте сақтаймыз!» ұранымен кездесу өтті. Мектеп директоры Тахметов Дәулетхан құттықтау сөзінде жиналғандарға денсаулық тілеп, тек дені сау жас ұрпақ ұлы істер жасайды деп сендірді ол. Кәмелетке толмағандар полициясының өкілі Имашов Алмас құқық бұзушылықтың салдары әрбір адамның болашағына кері әсерін тигізетінін айтты. Бұл күн тірі адамдардың АИТВ індеті әрбір адамға қатысты болуы мүмкін екендігі туралы, салауатты өмір салтына талпынуға, адами құндылықтарды бекітуге, одан да көп адамдарға жұқтыруға жол бермеу үшін, ретсіз жыныстық қатынас, есірткі, зорлық-зомбылық, маскүнемдік сияқты құбылыстарды жоққа шығаруға тырысу мүмкіндігі бар екендігі туралы айтты Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәріскері Жакенова Рахима.
Оқушыларға еске алу күні туралы.
Ағымдағы жылдың 14 мамырында Тараз қаласындағы № 19 орта мектебінің 8-11 сынып оқушылары үшін Халықаралық ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған «Өмір сүру үшін есте сақтау» тақырыбында кездесу өткізілді. Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес орталығының (ОЖИТСО) педагогы Жакенова Рахима белгісі-қызыл лента туралы, АИТВ жұғу жолдары, тестілеу түрлері туралы айтып берді. Мектеп педагогтары мен психологтары: Жармұхамедова Гүлнәр, Жұмағұлова Ұлжан, Ташмұратова Нұрғайша темекі шегудің, маскүнемдіктің, нашақорлықтың зияны туралы ақпарат берді. Барлық спикерлердің мақсаты жасөспірімдерді АИТВ жұқтыруына қатысты қауіпсіз мінез-құлыққа үйрету болып табылады. Оқушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар алынды.
АИТВ жұқпасы туралы өндірісте жұмыс істейтін халыққа.
Халықаралық ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған іс-шаралар аясында Жамбыл «Запчасть» АҚ-ның кәсіпорнында осы және ЖШС «Intersteel company» кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес орталығының мамандары, алдын алу бөлімінің эпидемиолог-дәрігерлері Турана Мамедова, Қызжібек Аушенова және алдын алу бөлімінің эпидемиолог көмекшісі Эльмира Ташкараева іс-шараны ұйымдастырды.
Кездесуге 30-дан астам қатысушылар АИТВ қайтыс болған адамдарды еске алудың Халықаралық күні туралы ақпарат алды. Бұл адамдардың назарын АИТВ, ЖИТС мәселесіне аударуға, хабардарлықты арттыруға және құрбандарды еске алуға арналған маңызды күндердің бірі.Спикерлер тыңдаушыларды АИТВ жұқпасының берілу жолдары мен алдын алу әдістері туралы хабардар етті.
Кездесу барысында қатысушылар көптеген сұрақтар қойды, оларға құзіретті жауаптар берілді.
Іс-шара соңында мамандар кәсіпорын қызметкерлерін АИТВ жұқпасына жедел тестілеу рәсімін өтуге шақырды. Барлық қатысушыларға ақпараттық буклеттер таратылды.
Жамбыл жоғары политехникалық колледжінде ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күні аталып өтті.
19 мамырда өткізілетін Дүниежүзілік ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күні карсаңында Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының қызметкерлері 13-18 мамыр аралығында іс-шаралар циклін жоспарлап отыр.
Апта бойы ЖИТС орталығының қызметкерлері қала мен облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарына, бизнес құрылымдарына, жалпы білім беретін мекемелеріне бару көзделіп отыр.
Мамыр айының 14 күні Тараз қаласындағы Жамбыл жоғары политехникалық колледжінде әр түрлі факультеттердің 100-ге жуық студенттері қатысқан акция өтті.- Бүгінгі таңда АИТВ, ЖИТС, наркология өте өзекті және алдағы күн біздің студенттерімізді жинап, оларды өмірлік маңызды ақпаратпен қаруландыруға жақсы себеп болып табылады, – деді Гүлнұр Момынжанова. Наркопост жетекшісі акцияның ұйымдастыру барысында белсенділік танытты.
Кездесу барысында жастар алдында Жамбыл наркологиялық диспансерінің наркологдәрігері Айгүл Каратаева жиі АИТВ жұқтыруына әкеп соқтыратын есірткіге тәуелділік туралы айтып берді.
Одан кейін студенттерге облыстық ЖИТС орталығының педагогы Рахима Жакенова ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күні туралы айтып, тыңдаушыларды әлем, Қазақстан және Жамбыл облысындағы ауру бойынша статистикалық мәліметтермен таныстырды.
Іс-шара соңында жігіттер мен қыздар жедел тестілеу рәсіміне қатысты.
– Халықаралық ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күні осы ауыр аурумен байланысты маңызды күндердің бірі. Біздің орталық осы күндері қала мен облыс тұрғындарының назарын аса маңызды мәселеге аудару, хабардарлықты арттыру және қайтыс болғандарды еске алу үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды,- деп атап өтті Рахима Жакенова.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпарат
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі дегеніміз не? Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл тұрғындарды ауру, жарақат, жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі. Көптеген дамыған елдер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру үлгісін таңдау барысында 50-ден астам елдің тәжірибесі зерделенді. Бүгінде бүкіл әлем денсаулық сақтауды қаржыландырудың үш негізгі үлгісін қолдануда: бюджеттік, сақтандыру және аралас.Бюджеттік үлгі Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция сияқты елдерде қолданылады. Әлеуметтік сақтандыру Германия, Франция, Бельгия, Корея, Жапония, Словакия, Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде, жалпы 30-ға тарта елде бар, ал жеке сақтандыру АҚШ-та қолданылады. Бірақ, көптеген елдер тиімділігі дәлелденген бюджеттік және сақтандыру үлгілерін аралас түрде қолданады.Қазақстан үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық сақтандырудың аралас моделін енгізетін болады.
Бұл:
Денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығын,Медициналық қызметтердің жоғары сапасы мен қолжетімділігін,Медициналық көмектің кең ауқымды пакетін қамтамасыз етеді.Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда медициналық сақтандыру қоры аударымдарының көлемі бойынша ең қолайлы жағдай жасалған.«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына сәйкес (Парламентке енгізілу жоспарланып отыр) медициналық сақтандыру мәселелері бойынша келесі жарналар мен төлемдер қарастырылған:
-жұмыс берушілер: 2017 жылдың 1 шілдесінен-1% ;2018 жылдан бастап -1,5%,2020 жылдан бастап – 2% , 2022 жылдан бастап –3%;
-жұмыскерлердің жарнасы: 1% – 2019 жылдан бастап, 2020 жылдан – 2%;
– жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, келісім-шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалардың жарнасы – 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап табысына қарай, бірақ ең төменгі 2 жалақының 5%-нан кем емес;
-жұмыс күшіне жатпайтын тұлғалар үшін (өзін-өзі өнімсіз еңбекпен қамтығандар) жарна көлемі – 2018 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі 1 жалақының 5%-ы;
– мемлекет халықтың осал топтары үшін 2018 жылғы қаңтардан – 3,75%, 2019 жылдан -4%, 2022 жылдан -4,5 %.
Жасөспірім және АИТВ
2019 жылдың 13-17 мамыр аралығында Жамбыл облыстық ЖИТС алдын-алу және онымен күрес жүргізу орталығы (ОЖИТСО) Халықаралық ЖИТС-нан қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған іс-шаралар өткізеді. 13 мамыр күні Тараз қаласының Қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық колледжінде дәріс өткізілді. Аудитория-металл өңдеу факультетінің 1 курс студенттері. Облыстық ЖИТС орталығының педагогы Жакенова Рахима жыл сайын мамыр айының 3 жексенбісінде бүкіл әлемде ЖИТС-нан қайтыс болғандарды еске алу күні өтетінін айтты. ЖИТС – ең басты әлемдік мәселелердің бірі. 2019 жылы бұл күні 19 мамырда «Өмір сүру үшін есте сақтау» ұранымен өтеді. 30 жыл ішінде індет миллиондаған адамның өмірін қиды. Бұл күн тірі адамдардың АИТВ індеті әрбір адамға қатысты болуы мүмкін екендігі туралы ой салады, салауатты өмір салтына талпынуға, адами құндылықтарды бекітуге, одан да көп адамдарға жұқтыруға жол бермеу үшін, ретсіз жыныстық қатынас, есірткі, зорлық-зомбылық, маскүнемдік сияқты құбылыстарды жоққа шығаруға тырысу мүмкіндігі бар. Нарколог дәрігер «Өз өміріңді құрметтей, зиянды заттардан бас тарт» тақырып бойынша ой бөлісті. Сондай-ақ, «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз» тақырыбы да қозғалды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпарат
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі дегеніміз не? Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл тұрғындарды ауру, жарақат, жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі. Көптеген дамыған елдер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру үлгісін таңдау барысында 50-ден астам елдің тәжірибесі зерделенді. Бүгінде бүкіл әлем денсаулық сақтауды қаржыландырудың үш негізгі үлгісін қолдануда: бюджеттік, сақтандыру және аралас.Бюджеттік үлгі Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция сияқты елдерде қолданылады. Әлеуметтік сақтандыру Германия, Франция, Бельгия, Корея, Жапония, Словакия, Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде, жалпы 30-ға тарта елде бар, ал жеке сақтандыру АҚШ-та қолданылады. Бірақ, көптеген елдер тиімділігі дәлелденген бюджеттік және сақтандыру үлгілерін аралас түрде қолданады.Қазақстан үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық сақтандырудың аралас моделін енгізетін болады.
Бұл:
Денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығын,Медициналық қызметтердің жоғары сапасы мен қолжетімділігін,Медициналық көмектің кең ауқымды пакетін қамтамасыз етеді.Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда медициналық сақтандыру қоры аударымдарының көлемі бойынша ең қолайлы жағдай жасалған.«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына сәйкес (Парламентке енгізілу жоспарланып отыр) медициналық сақтандыру мәселелері бойынша келесі жарналар мен төлемдер қарастырылған:
-жұмыс берушілер: 2017 жылдың 1 шілдесінен-1% ;2018 жылдан бастап -1,5%,2020 жылдан бастап – 2% , 2022 жылдан бастап –3%;
-жұмыскерлердің жарнасы: 1% – 2019 жылдан бастап, 2020 жылдан – 2%;
– жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, келісім-шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалардың жарнасы – 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап табысына қарай, бірақ ең төменгі 2 жалақының 5%-нан кем емес;
-жұмыс күшіне жатпайтын тұлғалар үшін (өзін-өзі өнімсіз еңбекпен қамтығандар) жарна көлемі – 2018 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі 1 жалақының 5%-ы;
– мемлекет халықтың осал топтары үшін 2018 жылғы қаңтардан – 3,75%, 2019 жылдан -4%, 2022 жылдан -4,5
19 Мамыр- Халықаралық ЖИТС қайтыс болғандарды еске алу күні.
Баспасөз релизі
Жыл сайын мамыр айының 3-ші жексенбісінде бүкіл әлемде ЖИТС-нан қайтыс болғандарды еске алу күні. ЖИТС – әлемдегі ең басты мәселелердің бірі. 2019 жылы 19 мамыр күні «Өмір сүру үшін есте сақтау» ұранымен өтеді.
Қазіргі уақытта АИТВ жұқпасы халықтың кең топтары арасында белсенді түрде таралуда, жұғудан ешкім сақтандырылмаған. Әйелдерден, балалардан және жақсы отбасылардан АИТВ жұқтырған жас адамдардың саны өсіп келеді. АИТВ індеті елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қауіп төндіреді және еңбекке қабілетті жастағы халық арасында демографиялық жағдайды шиеленістіреді.
Жамбыл облысында АИТВ жұқпасының мәселесі өзекті болып тұр, 2019 жылғы 30 сәуірде оң мәртебесі бар 1312 тұрғын анықталған. АИТВ жұқтырғандар 29,8%-зы біздің арамызда жоқ және әрбір 12 жағдайда өлімінің себебі ЖИТС болып отыр.
Соңғы уақытта облыста АИТВ індеті тағы да қарқын алып келеді, ай сайын 2-4 жаңа жағдай анықталады. Бұрынғысынша жұқтырудың жолы инъекциялық есірткілерді (51,4%) пайдалану басым болып қалады, сонымен бірге жыныстық жолмен жұқтырудың рөлі артуда (42,1%).
Халықаралық ЖИТС қайтыс болған адамдарды еске алу күні – бұл қайтыс болған адамдарды еске алумен қатар, тірі адамдарға деген біздің махаббат бен қамқорлықты қажет ететінін түсінудің себебі болып табылады. Осы күнге орай, 16 мамыр күні ОЖИТСО Достық кабинетінде «Өз мәртебеңді біл» акциясы өтеді, 17 мамыр күні Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында (ОЖИТСО), 14 мамыр күні Жоғары политехникалық колледжде АИТВ – на жедел тестілеу мобильді пункті, 15 мамыр күні М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жұмыс істейді. АИТВ тестілеуден өткендердің барлығы эпидемиолог дәрігерінен кеңес, ақпараттық білім беру материалдарын алады.
Бұл күн тірі адамдардың АИТВ індеті әрбір адамға қатысты болуы мүмкін екендігі туралы ой салады, салауатты өмір салтына талпынуға, адами құндылықтарды бекітуге, одан да көп адамдарға жұқтыруға жол бермеу үшін, ретсіз жыныстық қатынас, есірткі, зорлық-зомбылық, маскүнемдік сияқты құбылыстарды жоққа шығаруға тырысу мүмкіндігі бар.